Педагог-психолог Педагогтармен жұмысы 2021-2022 оқу жылы » ГККП Ясли сад № 52
Алматы қаласы білім басқармасының
"№52 бөбекжай-балабақшасы"
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
Меңгеруші:
+7(727) 338-20-42
Әдіскер:
+7(727) 268-90-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Педагог-психолог Педагогтармен жұмысы 2021-2022 оқу жылы
15
март
2022

Педагог-психолог Педагогтармен жұмысы 2021-2022 оқу жылы




Педагогтармен жұмыс


Жүргізілетін 

мерзімі


1


Кеңес:

 «Баланың балабақшаға бейімделуі»


Қыркүйек 


2


Кеңес: «Тәрбиеші балабақшадағы басты тұлға»


Қазан 


3


Баяндама: «Қиын балалардың психологиясы және тәрбиелеу жолдары»


Қараша 


4


Кеңес: «Бала өміріндегі дидактикалық ойындар»


Желтоқсан



5


Дәріс: «Бала тәрбиесіндегі отбасы мен балабақшаның қарым-қатынасы»


Қаңтар 


6


Семинар: «Қобалжу-қалыпты құбылыс»


Ақпан 


7


Кеңес: «Позитивті ойлау және оған дағдыландыру»


Наурыз 


8


Баяндама: «Балабақшадағы қиын балалар»


Сәуір








Кеңес:

«Баланың балабақшаға бейімделуі»











Кеңес:«Баланың балабақшаға бейімделуі»
 Баланы балабақшаға беру немесе бермеу жағдайына жалпы жанұяның жайлылығы, барлық жанұя мүшелерінің эмоциялық күйі, ата-ананың өзін-өзі бағалауы және жанұяның маңызды мәселелері байланысты.
 Мәселенің психологиялық жағы: болып жатқан өзгерістерге бейімделу бұл балаға да, ата-ана үшін де қиын.
 Соңғы жылдары қоғамда бала тәрбиесіне көзқарас өзгерді, бұл мектепке дейінгі мекемелердің бала өміріне қатынасына байланысты болды. Қазіргі уақытта барлық қоғам мүшесі балаларына өзара іс-әрекет формасы мен әдіс тәсілдерін өздері таңдайды. Сонымен бірге көпшілік ата-ананы бала үшін балабақша қажет пе?- деген сұрақ толғандырады. «Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеленген бала мектепке тез бейімделеді, әлеуметтік қатынасқа жақсы түседі, құрдастарымен қарым-қатынаста тәжірибе жинақтайды және мектепке келгенде осыған сүйенеді»,- деген түсінік қалыптасқан. Сондықтан құрдастарымен қатынастарда қиындыққа ұшыраған балалары бар ата-аналар балабақшаға барса, бұл қиындықтан шығады деп үміттенеді. Балабақшаның мүмкіндігін жоғары бағалау да- қателік.
 Балабақшаға бейімделген бала саны көп емес. 
Көпшілігі түрлі қиындықтарға тап келеді. Оның ішінде балабақшаға бару кей балада қорқыныш, үрей тудыруы да мүмкін.
 Балабақшаға психологиялық бейімделуі баланың жеке, жас ерекшеліктеріне және тағы да басқа факторларға байланысты. Оның алғашқысы және маңыздысы баланың анасынан және жанұясынан ажырауға психологиялық дайындығы, өйткені үйренген байланыстан ажырау және жанұядан тыс жерде ересектер және өзге балалармен жаңа қарым-қатынас орнату бала үшін қиындық тудырады.
 Ересектердің назары өзінде болғанына үйренген баланың «көп ішіндегі бір бала» екендігіне көнуі және өз қажеттіліктері үшін, өз күшін жұмсап күресуі қажет болады. Бұл өзінің қажеттілігі бірінші орында тұратын және ата-ана айтқан бойда, автоматты түрде қанағаттандыратын жанұядағы жағдай емес. Тіпті кейбір ата-аналар ойлағандай балабақша – бұл ұялшақтықтан құтқаратын «дәрі» емес, бұл бала үшін өз бетінше өмір сүру тәжірибесіне дайындық – қиындықтарды жеңу, өзге балалармен қарым-қатынас орнату, жалпы психологиялық «жетілуге» сынақ боп табылады.
 Балаға балабақша керек пе?- деген сұраққа жауап беру үшін негізгі оң жақтарын айтайық. Жанұядағы тәрбиемен салыстырғанда балабақша балаға не береді?

Негізінен балабақша өзге балалармен қарым-қатынасқа үйрену тәжірибесі және мектепке психологиялық дайындық болып табылады. Бірақ осы өз бетінше үйрену тәжірибесі бала үшін де, оны уайымдап жүрген ата-ана үшін де жағымды жағдай емес. Сонымен өзге балалармен қарым-қатынас үйренуде балабақша жалғыз мекеме боп табылмайды. Қазіргі уақытта мектеп жанынан шағын орталықтар ашылуда, бұл жерде бала тез бейімделуі мүмкін.
 Бірақ тәжірибе көрсетіп отырғандай баланы балабақшаға беруде ата-ана баланың жеке жас ерекшеліктеріне емес, өз қажеттіліктеріне сүйенеді (жұмыс, өзге де жанұялық жағдайлар т.б). Соның салдарынан ата-ана басты қателігін жасайды: бала бұл жағдайда психологиялық тұрғыдан қалыптаспай тұрып, ерте жастан, тез, жанұядан, үйден ажыратады. Бұл жағдайда балабақшаға бейімделу өте қиын жағдайда өтеді. Кейде балабақшадан бас тартуға тура келеді.
 Баланы балабақшаға психологиялық дайын екендігінің белгілері:
 — баланың өзге балалармен ойнауға, қызығушылығының болуы;
 — анасынан ажырауға баланың жағымсыз әсерінің болмауы;
 — баланың өз жақындарынан басқа ересек адамдармен қарым-қатынасқа дайындығы;
 — жаңа жағдайларда балада қорқыныш, үрейдің болмауы;
 — сұраса, балабақшаға барғым келеді,- деп жауап беруі.
 Енді баланың балабақшаға баруда күйзелісті азайту және бейімделуді жеңілдету факторларына тоқталайық.
 Балабақшаға қай жастан бару қажет? Балабақшаға дайын болу жасына толудың өзіндік шарттары бар. Бір балада бұл 2,5 жаста кей бала 4-5 жасты күту қажеттілігі болады. Әрине ата-ана бұл жасқа дейін күте алмайды. Бірақ баланың балабақшаға ерте жастан беруге тәжірибе ретінде қарау және жағымсыз салдарға да дайын болу қажет.
 Балабақша тандауда әртүрлі жанұя түрлі басымдықтарға қарайды. Бірі мемлекеттік, бірі жеке балабақшаны қалайды.
 Балабақшаның жақын болуы біреулер үшін маңызды, біреулер үшін маңызды емес. Бір ата-ана баланы жақсы дамытатын бағдарламасына қараса, бірі тек жайлы қарым-қатынас жасаса болды,- дейді. Бірақ барлығы, тәрбиеші жақсы болуына мүдделі. Бірақ «жақсы» түсінігі әркімде әрқалай, кей ата-ана қатаңдықты, кейбірі жұмсақ, әрі баланың тентектігіне мейірімділікпен қараса,- дейді.
 Балаға балабақша тандағанда таныс адамдар мен өзге ата-аналардан мәлімет жинақтаныз. Бұл жақсы нұсқа тандауға көмектеседі. Содан соң міндетті түрде балабақшаға барып, ұзағырақ уақыт өткізіңіз. Ұсақ-түйекке көңіл аударыңыз, әкімшілік ата-ананы қалай қарсы алады, ұсыныс-тілектерге қаншалықты назар аударады. Тәрбиешілердің балалардың серуенде жүргендегі қарым-қатынасына қараңыз. Балаңыз баратын топтың тәрбиешісімен әңгімелесіңіз. Бұл жерде балаға тиімді қолайлы қатынас табуға көмектесетін, негізгі әсер ететін фактор- тәрбиешінің баланың жеке жас ерекшеліктерімен санасуы және оның педагогикалық тәжірибесі.

Балабақшаға дайындық
 Баланы балабақшаға, тәрбиешілерге үйрету үшін, алғашқы кездері баланы тек балалармен серуендеуге әкеліп, одан соң жарты күн, кейін күндізгі ұйқыға қалдыру қажет. Бұл жағдайға балабақша әкімшілігі түсіністікпен қараса, барлық жағдайда балаңыздың қажеттілігі ескерілетіндігін білдіреді.
 Балабақшаға бейімделу – бұл баланың балабақшаға үйрену мерзімі. Бұл мерзімде балада үйден кеткісі келмеу, балабақша талаптарына қарсылық білдіру, қықырлық көрсету, ызалану немесе тұйықтық, балабақша қызметкерімен қарым-қатынасқа түсуден бас тарту әсерлері байқалады. Сонымен бірге ата-анамен қоштасу кезінде анасының қолын жібермей жылаған бала, анасы кеткен соң тәртібі өзгереді- бала тынышталып анасы туралы есіне алмайды.
 Бұл неге көрініс табады? Бұл бала бойындағы үйден алыс кетіп, жаңа ортаға, үйреніспеген жағдайға түсуге күйзеліс әсері: Балабақшаға бейімделу кезеңі баланы күйзеліске ұшыратуы мүмкін, өйткені бала өмірінде көп жағдай өзгереді. Оған қарым-қатынас түрі, бала құқығы өзгереді, жаңа міндеттер пайда болады. «Жалғыз және қайталанбас» баладан «көптің бірі» болуға үйрену оңай емес, бұған уақыт және баланың жоғары бейімделу қабілеті керек. Шартты түрде бұл кезең 2-3 айға ұласады, бірақ әр баланың жеке дара ерекшеліктеріне байланысты бейімделу кезеңі 2-3 аптадан кейін басталуы да мүмкін.
 Бұл кезеңнің аяқталу белгісі: баланың жағдайының, көңіл-күйінің тұрақтануы болып табылады. Балалар жаңа ережелерге, бір-бірімен сыйластыққа үйренеді. Бастапқыда бұл қарым-қатынас жанжалдан басталып, содан соң жөнге келеді.
 Бұл қиын кезеңді баламен бірге ата-ана да өткереді, сондықтан ата-ана бұл баланың тәртібінде, іс-әрекетінде жағымды өзгерістер бар ма біліп отыру керек.
 Міндетті түрде тәрбиешіден балаңыздың сіз кеткеннен кейін қалай жүретіндігін сұраңыз. Өзге адамдардың пікірін тыңдаңыз. Негізінен бала тәртібі балабақшаға кім апарып, әкелгеніне байланысты өзгере ме? Егер солай болса – бала қыңырлығы және қиналуы нақты адамға байланысты болса, мысалы: мамасы немесе әжесі, онда олардың өздерінің жеке уайымдары мен үрейлері баланың балабақшаға бейімделу кезеңін қиындатып жатқан жоқ па? деп ойлануы керек.
 Баланың балабақшаға бейімделу кезеңі ата-анаға да қобалжу әкелетінін түсінуі керек. Кей сәттері олар баладан да артық күйзеледі. Сондықтан жанұя мүшелері өз сезімдерін бақылап, негізін түсініп отыруы қажет.
 Балабақшаға баланы бергенде анасы не сезеді?

— Менің балама менсіз қиын шығар?
 — Тәрбиешілер балама толық көңіл аудара ма?
 — Балам қиналса көмектесе ме, жұбата ма?
 — Бекер берген жоқпын ба?
 — Менің өзіме де қиын болды-ау?
 Ана баласын бауырына тартып, өзінің қасында ұзағырақ ұстауға тырысуы, баланың балабақшаға бейімделу кезеңін ұзартып жіберуі мүмкін. Анасы үшін бала өзінің жалғасы сияқты, ол өз сезімдерін балаға «көшіріп», өз күйзелісі мен бала күйзелісін араластырады. Ана өзі ішкі сезімдерін реттеу жұмыстарын жүргізіп, баланы өзінен эмоциялық тұрғыдан ажырату керек. Балабақшаға барған баланың анасына баласының өзіне тәуелді болмай, дербес бола бастағанына, анасының махаббаты мен бауыр басуын қатты қажет етпейтіндігіне үйренуі керек.
 Ата-ана не істеу керек? Балабақшаға барғанда баламен қоштасу қысқа мерзімді болуы керек. Бала жылап, анасына ұмтылса да, беттен сүйіп, қол бұлғауға үйрету керек. Бұлай жасай келе, сіз баланы артық уайымнан құтқарасыз.
 Балабақша туралы баламен әңгімелескенде, онда көп нәрсе үйренуге, баланың және тәрбиешісімен достасуға болатындығын айту қажет. 
Ата-ананың сенімділігі, жайлылығы балаға сенімділік берері сөзсіз. Бала балабақшаға барудан «құтылуға» болмайтындығына көзі жеткен соң, қарсыласуын қойып, өз өмірінің бір бөлшегі ретінде қарайды. Үйдің жайлы және әдеттенген атмосферасына ажырап, ол балабақшадан қажеттілігін және жағымды жақтарын тауып, өзге адамдармен, тәрбиешілермен балалармен жақсы қарым-қатынасқа түсуге үйренеді. Бала осы жаңа жағдайға қызықса, үйден алыстағанда қиналмайтын болады.
 Анасы мен жанұя мүшелері «баланың жанұядан ажырауын және оның әлеуметтік ортаға шығуын» уайымдамай тыныштанса, бала да тез тынышталады.
 Кей жағдайларда ата-ана дұрыс іс-әрекеттер жасаса да, бала балабақшаға бейімделуі ұзақ уақытқа созылады. Бала жиі ауырады, ұйқысы бұзылады, тамақ алысы нашарлайды. Балабақшада бұрышта тұрады, балалар арасында «бөтен» және тәрбиешілер үшін «жүктеме» тіпті бала, қорқақ, үрейленгіш болады. Анасы кеткеннен соңғы жылау және қиналу күні бойы созылады. Бұндай бала өзге балалармен қарым-қатынасқа түспейді, кейде тәрбиешілерден де оқшауланады. Оның іс-әрекеті екі жақтың ортасында қалған: үйден ажырап, бірақ балабақшаға үйренбегендей болады. Нәтижесінде бала өзін бәрі тастап кеткен, бақытсыз жалғыз қалғандай сезінеді.
 Бұндай іс-әрекет бала психикасында бұзылыс бар деген сөз емес, тек бала балабақшаға дайын еместігін білдіреді. Мінезіндегі жеке дара ерекшеліктері – ұялшақтық, тұйықтық – балабақша қызметкерлері тарапынан жеткілікті психологиялық қолдау көрсетілмеуі балабақшаға бейімделуге кедергі келтіреді. Кей жағдайларда тәрбиеші бұндай «ерекше» балаларға қолайлы қатынас таба алмайды. Бұл педагогикалық тәжірибе және баланың өмірін жеңілдетуде ынталандыру себептерінің жетіспеушілігінен болуы мүмкін.
 Бұл жағдайда ата-ана ұстаған «Барлық жолмен балабақша» ұстанымы қате, бала болашағына еш көмегі болмауы, бала мен ата-ана арасындағы сенімді алшақтатуы мүмкін. Бала ата-анасының өз күйзелісімен санаспайтынын, ең жақын адамдары «қиыншылықта тастап кетуін» жалғыздықты сезінуіне байланысты көмекке келмеуін уайымдайды. Бұл жағдайда ең дұрысы- баланы балабақшадан ажырату.
 Баланың балабақшаға бейімделу мәселесі туралы анасы бала психологымен ақылдасып алғаны жақсы. Әр кез ата-ана баламен болып жатқан жағдайлардың себептерін толық талдай алмайды, бұл жерде тәрбиешіні себепсіз кінәлап, баланың психикалық жағдайына күмәнданбаған дұрыс. Бұл жерде мәселе: осы уақыттағы бала баратын балабақша талаптарына, осы уақыттағы баланың жеке дара ерекшеліктері сәйкес емес екендігі туралы сөз болуы керек. Ең бастысы, ата-ана баланың балабақшаға бейімделуіне өз ықпалы бар екенін түсінуі тиіс. Балабақшаға бейімделу мәселесі мерекеден, демалыстан және жанұяның ішкі жағдайлары өзгергенде (анасы іс-сапарға кеткенде, сәби дүниеге келгенде және т.б жағдайларда) қайта жалғасуы мүмкін. Бұл жағдайларда бала қажеттілігін жанұяда қалыптасқан тәртіпті бұзбай қанағаттандырып отыру қажет: балабақшада қалу уақытын азайтып, апта арасында үзіліс ұйымдастырумен шешуге болады. Толықтыра айта кетсек: әрбір туындаған мәселелер бірдей болуы мүмкін, бірақ одан шығу жолдары әр ата-анада өзгеше.
 «Баланы балабақшаға дайындау және бейімдеу»
 Әл – Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның бар өміріне апат әкеледі» дегендей, балаға ерте жастан дұрыс тәрбие берілуі керек. Бала негізгі тәрбиені отбасынанда ата-анасынан алады, ал баланың жалпы жеке тұлға боп қалыптасу кезеңі мектепке дейінгі кезеңде басталады. Сондықтан баланың дұрыс дамуына игі ықпал ету ата-ана мен тәрбиеші педагогтердің басты міндеті. Балабақшаға жаңадан келген бала жаңа жағдайға, басқа ортаға қалай бейімделеді?
 Кейбір балаларда балабақшаға бейімделу көбінесе қиын және ауыр өтеді. Ата-ана баласын балабақшаға орналастырмас бұрын ондағы оқу мен тәрбие жұмысына, баланың жағдайына алаңдауы заңдылық. Ата-ананы «балабақшада бала көп жылайды, жиі ауырады» деген сөздер де мазалауы мүмкін. Балабақшаға барған алғашқы күндер-ақ бала мазасызданады. Өйткені, өзіне жақын адамдардың болмауы жанына батып, 2-3 күн өткен соң ауырып қалатын жағдайлары да кездеседі. Осындай жағдайларда кейбір ата-аналар тәрбиешілерді кінәлап жатады. Ал, ғалымдар сәбидің бөтен ортаға бейімделуін, үйіндегі ата-ананың баласын жаңа жағдайда алдын-ала дайындауына байланысты екенін айтады. Мысалы, бағбан ағаш егерден бұрын, оған орын дайындайды, содан кейін барып ағашты отырғызып баптайды, тамырына зиян келмеуіне көңіл бөледі. Оны ерекше күтімге алады. Сол сияқты баланың басқа ортаға бейімделуі, оның өмірінде кездесетін алғашқы күрделі кезеңнің бірі. Таныс емес адамдардың ортасында қалу бала үшін өте ауыр. Ол алғашқыда мазасызданып тіпті қашып кеткісі келеді, кейбір ата-ана баланың бұл қылығын түсіне алмай, баласын ұрып-соғып жатады. Бейімделу кезеңінде баланың ұйқысы бұзылып, тамаққа тәбеті болмайды. Үйге келгеннен кейін де анасынан айырылмай, ұйықтағанда жиі-жиі оянып тынымсызданады. Кейбір нәзік жанды балалар бұндай өзгерісті көтере алмай, ыстығы көтеріліп, ауырып қалатын кездері де болады.
 Осындай жағдайлардың алдын алу үшін, ата-ана баланы балабақшаға апармас бұрын алдын-ала дайындау ережелерін білу керек.
 Баланың күн тәртібін балабақшадағы тәртіпке қарай сәйкестендіріп, өзі киініп, өзі шешінуге дағдыландыру;
 Балаға ас дайындағанда әр түрлі көкөністер мен сүтті тағамдарды қосып, өзі тамақтанатындай дағдыға үйрету;
 Қандай тағамдарды жақсы көретінін, қандай тағамдарға аллергиясының барын және баласын қалай еркелететінін тәрбиешіге ескерту;
 Баласының қалай ұйықтайтынын, дәретке баруды қалай ататынын ескерту;
 Ата-ана баласын балабақшаға алып келген күні тәрбиешімен тығыз байланыс жасап, «Міне, сенің сүйкімді апайың, керемет достарың»-деп, тәрбиешімен таныстыру;
 Балабақшаның ережесінде жаңадан келген бала алғашқы күндері 2 сағатқа қалу керек, алайда кейбір ата — аналар өздерінің жұмыс тәртібін айтып, баланы күні бойы балабақшада қалдырады. Осының нәтижесінде күрделі және созылмалы мәселелер пайда болады. Әр балада бейімделу кезеңі әр түрлі өтуі мүмкін.
 Бейімделудің үш түрі болады:
 1). Жеңіл бейімделу – баланың мінез-құлығы 10 -15 күнде қалпына келеді;
 2). Орташа бейімделу — 1 айдың ішінде;
 3). Ауыр бейімделу — 2айдан 6айға дейін созылады;
 Баланың тез бейімделуіне қойылатын талаптар:
 Баламен тез қоштасып үйреніңіз.
 Балабақшаға алып келіп, көрінбей қашып кетпеңіз.
 Балаңызға ұнайтын қоштасу рәсімін ойлап табыңыз.
 Бастапқыда балабақшаға барғаны үшін мадақтап қойыңыз.
 Баланы алдамай, дұрыс түсінік беру керек.
 Баланың алдында барынша сабырлы, әрі ұстамды болуға тырысу керек.

Бала бірдеңені бүлдіріп немесе бір бұзақылық жасаса баланы жазаламау керек.
 Балабақша әкімшілігі бейімделу кезеңінің бала мен анаға аса ауыр тимеуі үшін, баланың да, оның ата-анасының да балабақшаны ұнатуына көмектесетін қарапайым ережелерді басшылыққа алған жөн.
 Егер, ата — ана баланың балабақшаға тез бейімделуіне қойылатын талаптарды нық орындап, балабақшаның іс-шараларына қоян-қолтық араласып, бала тәрбиесін жіті қадағалайтын болса, кез келген баланың балабақшаға бейімделуі жеңіл өтеді және өмірге бейімделуі де жоғары болады!










Кеңес:

 «Тәрбиеші – балабақшадағы басты тұлға»















Кеңес: «Тәрбиеші – балабақшадағы басты тұлға»

Тәрбиеші тәрбиеленушілердің күнделікті оқу-тәрбие жұмысын, демалыс уақытын ұйымдастырады. Ал бөбекжай мен балабақша тәрбиешісі мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейді, мектепке даярлайды, отбасына көмектеседі. Тәрбиеші балалардың жақын досы болуы керек, ал еркелетуге сақтықпен қараған жөн. Бір баланы еркелету басқа балалардың қызғанышын тудырады. Дегенмен, балаларды еркелету де қажет. Тәрбиеші өз талабына ұқыпты болуы қажет. Бала тек адамның жеке басының тікелей тигізетін әсері арқылы ғана тәрбиеленеді. Балабақша тәрбиешісі жас ұрпақты жан-жақты дамытып тәрбие беру, оны өмірге еңбекке даярлауда педогогикалық білімді көпшілік арасына насихаттау сияқты әрі жауапты , әрі қадірлі қоғамдық міндеттер атқарады.

Балабақша тәрбиешіснің міндеттері:

  • а) Балаларды дұрыс тәрбиелеуді қамтамасыз етеді;
  • б) Өз тобындағы әрбір баланың қызығуы мен қажетіне ұқыптылықпен, қамқорлықпен қарайды;
  • в) Балалардың денсаулығын сақтауға , қорғауға байланысты дәрігер талабын орындайды;
  • г) Балаларды отбасында, балалабақшада тәрбиелеу мәселелері туралы ата-аналармен жұмыс жүргізеді;
  • д) Аудандық, қалалалық әдістемелік бірлестіктерде, балабақшада педогоикалық кеңестің жұмысына қатысады;
  • е) Балалармен жүргізілетін өз жұмыстары туралы жоспар құрады, есеп береді, әрбір сабаққа ұқыпты дайындалады.

Балалар тобын тәрбиеші мектепке шығарып салғанға дейін жетелейді.Тәрбиеші жас ұрпақтың бойына тәрбиенің алғашқы негіздерін қалыптасытра алатын, адамгершілік жоғары , мәдениетті, ғылым жетістіктерін дұрыс бағалай алатын , әдебиет пен өнердің, техниканың даму жайын жақсы білетін, оның түсіндіре алатын адам болуы керек. Тәрбиешінің мәдениеттілігінің көрсеткіші- әдептілі, қоғамдық орындарда өзін сыпайы, еркін ортаға лайықты ұстай білуі, өнегелі тәртіпті, сүйкімділігі, адамдармен өзара сыйластыққа , адалдыққа негізделген қарым-қатынасы. Ондай тәрбиешіні балалар жақсы көреді, сыйлайды, құрметтейді, оған жақын жүргісі келеді, оның балалар арасында беделі зор болады.Тәрбиешінің жеке басының үлгісі- жас ұрпақ тәрбиесінде ең әсерлі әдістердің бірі, өйткені балалар тәрбиешіге барлық жағынан еліктейді. Сол себеппен де ол үнемі жинақты, таза, ұқыпты жүріп, сөйлеген сөзі мәнді, ойлы әдемі, салмақты келіп, асықпай, байыппен сөйлеуі керек. Бала еліктегіш болғандықтан, жақсыны да, жамандыда тез қабылдайды.

Тәрбиешіге қойылатын талаптар:

  1. Тәрбиеші болатын адам өзінің мінезін, жүріс-тұрысын жөнге салып, балалар іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра білуі керек;
  2. Арнаулы білім, білік пен іскерлік- дағдыны менгеруі керек;
  3. Баламен еркін, жақын тарта сөйлесе білуі керек;
  4. Ол өзінің көзқарасымен, ым-ишарасымен де өз ойын балаға жеткізіп, түсіндіре алуы керек;
  5. Жұмысты ұйымдастыра білет, тиісті жерінде қатал талап қоя алатын болуы, кейде әзілдесіп, тиісті жерде көңіл аудара алатын болуы шарт;
  6. Тәрбиешінің әрбір қимылы, жүріс-тұрысының өзі балаларға өнеге, тәлім –тәрбие берерліктей болуы тиіс.

Жаңашыл педогог Ш.А.Амонашвили тәрбиешіге төмендегідей талап қояды: педогог- тәрбиеші әріптестеріне мейрімді, жылы шырайлы, ықыласты болуы керек, әріптестерімен қарым қатынас жасаудың әдебін, дауыс сарынын, жылы үнін игеру керек, әріптестерінін табысына қызғанышпен , күншілдікпен қарауға құқы жоқ, әріптестерімен өз тәжірибесін бөлісуге міндетті , әріптестерінен үйренуге ұялмауы керек, әріптестерінежоғарыдан менсінбей қарауға құқы жоқ, әріптестерінің ар-намысын, атақ-даңқын сақтауы керек, балаға байланысты отбасы құпиясының бәрін білу керек, бірақ оны ешкімге шашпауы тиіс.

  1. Тәрбиеші –педогогтың бейнесі:
  2. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беру мазмұны, әдіс-тәсілдерін жетік білуі.
  • Материалды түсінікті жеткізе білу.
  1. Сабақты өткізу әдістемесі.
  • Балалардың оқу тәрбие жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білуі және баланың іс-әрекетін дұрыс бағалай білуі;
  • Тәжірибелік білім-білік дағдыларды қалыптастыра білуі.

Өзінің іс-әрекетін сыни тұрғыдан бағалай білу қабілеті:

  • Кәсіби біліктілікті жетілдіре білу қабілеттілігі;
  • Балалармен дұрыс қарым-қатынас орнықтыра білу;
  • Ата-аналармен тіл табыса білу;
  • Сөйлеу мәдениеттілігі.
  1. Балаларды арнайы қарапайым білім негіздерімен қаруландыру және дұрыс сөйлей білуге үйрету:
  • Өзінің эмоциялық көңіл күйін басқара алуы;
  • Байланыстырып сөйлеуге үйрете алу;
  • Балалардың сөздік қорын молайтуға көмек көрсете алуы;
  • Педогоикалық терминдерді дұрыс , тиімді пайдалана білу дағдысы.
  1. Жас ерекшелігі психологиясы туралы білімі:
  • Балалардың басым көпшілігінің қызығушылығын туғыза білу ;
  • Балалардың өздігінен дербес әрекет ету дағдыларын қалыптастыру;
  • Жеке-дара оқытудың әдіс-тәсілдерін пайдалана алуы.
  1. Жаңа технологиялады пайдалана білу:
  • Қазіргі іс-тәжірибелерді пайдалана білуі;
  • Білім беруді дамыту бағыттарын айқындау білуі.

Тәрбиешінің өз қызметінде жетістікке жетуінің шарттары:

  1. Сабақтан тыс пәндер туралы ақпараттармен қамтамасыз етуі
  2. Сыртқы кескін-келбеті.
  3. Мінез-құлық және пайымдау мүмкіндіктері.
  4. Оқу тәрбие процесіндегі қарым-қатынас мәдениетін сақтай білу.
  5. Педогоикалық талаптарды орындай білу.
  6. Әзіл-қалжыңға мән бере білу.
  7. Балалардың жеткен жетістігін мақұлдай , қолдай білуі.
  8. Балалармен қарым-қатынас мәдениетінің болуы.
  9. Шыдамдылық және төзімділік.
  10. Басқалардың пікірін сыйлай білу.
  11. Балалардың құпия сырын сақтай білу.
  12. Басқа адамдарды түсіну және сөзіне білу қабілеттілігі.
  13. Еркіндік, икемділік .
  14. Табан астындағы тосын іс-әрекетке әдіс-тәсіл қолдана білуі.
  15. Байқампаздығы, бақылампаздығы.
  16. Кез келген жағдайда қарым-қатынас жасай алуы.
  17. Балалардың қызығушылығына қарай әрекет ете білу дағдысы.

Тәрбиешінің бойында болатын маңызды сапалары: ақылдылығы, қайрымдылығы, мәдениеттілігі, білімділігі, кәсіби шеберлігі, балаларға деген сүйіспеншілігі,тәртіптілігі,шығармашылық қабілеттілігі, белсенділігі, жан жақты қызығушылығы , ұйымдастырушылық қабілеті, бір нәрсемен шұғылдану, зиялылығы, әзіл-қалжынға бейімділігі, басқаны тыңдай білуі, талдау жасай білу қабілеті, еңбексүйгіштігі, мейрімділігі, әділдігі, ашықтығы, шыншылдығы, әділеттілігі, әдептілігі, жақсылық жасай білуі.

  1. Тәрбиешінің педогоикалық шеберлігі тәрбие жұмысының әрбір кезеңінде не істейтінін, не үшін істейтінін, қандай нәтижеге жеткісі келетін саналы , анық және дәл білуіне байланысты болмақ. Шебер тәрбиешінің бөлмелерді педагогикалық және эстетикалық талаптарға сай жабдықталуы, тәрбие жұмысына қажетті көрнекі құрадарының түгел болуы, педогоикалық мақсатқа сәйкестелінген болуы шарт. Олардың өз орнында тұруы жемісті еңбек етуге жағдай жасайды. Шебер тәрбиешінің негізгі қасеттерінің бірі- педогоикалық әдептілік. Педагогикалық әдептілік бала психологиясын және оның жас ерекшеліктерін жете білуді талап етеді. Әдептіліктің қайнар көзі- балаларды сүю және қадірлей білу. Педагогикалық әдептіліктің бір көрінісі – шамамен сезу қасиеті. Сонда тәрбие әдістерінің көпшілігі нәтижелі болады. Қолайлы әдісті таба білу шеберлік пен әдептіліктің көрінісі. Шеберлік үйретумен, үйренумен, өз ісіне деген сүйіспеншілікпен, тәжірибемен, жұмысқа ұқыпты қараумен саналы, ойлы еңбекпен қалыптасады.

Тәрбиеші қызметінің ерекшелігі: педагогтік әдепті игеру, ел үшін ерлікпен еңбек ету, педогогтік бедел, педагогтің артистігі, педагогтік оптимизм, кәсіби шеберлікті үнемі шыңдап отыру, т.б.

  1. Тәрбиешінің ата-аналармен жүргізетін жұмыстарының мазмұны.
     Ата аналармен жүргізілетін жұмыстардың мазмұны, формасы. Әдістеріне тоқталамыз. Отбасы –бұл баланың өмір сүру ортасы: қамқорлықтың тұрақты көзі, тәрбиелеумен , қарапайым біліммен қаруландыру және шешім қабылдай білуге үйрететін ең жақын адасдардың мейірім шуағын сезінетін орын. Отбасына барлығы жақсы болған жағдайда-балалар жақсы жетістіктерге жетіп, өзінің даму әлеуметіне көтеріле алады.Отбасымен педагогикалық ынтымақтастық- баланың қанағаттану деңгейі мен тәрбиешінің жұмысының сапасын арттырады, ол төмендегі жағдайларға негізделеді: өзара сапалы қарым-қатынас, өзара сыйластық,әлемге деген түсіністік көзқарас және оның тиімділігі ықпалын ұзақ уақыт бойы сезіну, бір-біріне серіктестік барлық қатысушыларға жағымды әсер ететіндей болуы тиіс, сонда ғана тәрбие мен білім беру өз нәтижесіне жетеді. Осы орайда, балабақшаның ата-аналармен жұмысының мазмұны төмендегідей:
  • а) Ата-аналармен педагогикалық, психолоиялық біллімдерін көтеру; (Дәрістер оқу, семинарлар ұйымдастрыу, жеке және топтық кеңестер, тәжірибелік жұмыстар, т.б.);
  • б) Ата-аналарды оқу-тәрбие жұмыстарына қатыстыру; (ата-аналар жиналысы, бірлескен шығармашылық жұмыстар, материалдық-техникалық база жасауға көмектесу);
  • в) Балабақшаның әкімшілігімен бірлескен жұмыстар (ата-аналар комитеті , ата-аналар кеңесі, аталар алқасы, әжелер клубы).

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың формасы мен әдістері олардың пеагогикалық мәдениетін көтеруге балабақша мен отбасының өзара ынтымақтастығына және тәрбие жұмысының әлеуметін арттыруға бағытталған болуы керек.

Ата-аналармен жұмыстың әдістері : бақылау, әңгіме, пікірлесу, тест жүргізу, сауалнама жүргізу.

Психологиялық-педагогикалық білім беру формалары 

Педагогикалық білім беру-бұл бала тәрбиесінің көкейкесті мәселелерімен ата-аналарды таныстырады және оларды негізгі педагогикалық мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі.
 Дәрістер-бұл бала тәрбиесінің мәні мен маңызына жан жақты терең талдау жасау. Дәрістегі ең басты көңіл бөлетін мәселе-ол белгіленген жағдайға немесе құбылысқа талдау жасау болып табылады.

Коференция-бұл бала тәрбиесі туралы терең жан-жақты қарастыру және оны бекіту.Ата-аналарға арналған конференциялар-балабақшаның тәрбиелеу мен білім беру жүйесніде ерекше маңызды орын алады. Ата-аналарға арналған конференцияларда орын алады. Ата-аналарға арналған конференцияларда болашақ қоғамның азаматтарын тәрбиелеуді өзекті мәселелері қозғалып, оны тәжірибеде жүзеге асырудың жолдары нақты қарастырылады. Ата-ананыңрөлі, бала тәрбиесіндегі қиындықтар, отбасы тәрбиесінің маңызы, т.б. тақырыптар болуы мүмкін.

Ата-аналар конференцияларына өте мұқият дайындық қажет. Мұнда белгілі ғалымдар , психологтар мен педагогтар, әлеуметтік педагог, дәрігер, т.б. міндетті түрде қатысалы. Мұндай конференцияларға ата-аналар белсенді түрде қатысулар қажет. Олар өз іс-тәжірибелері тұрғысынан мәселеге талдау жасайды. Конференцияның ерешелігі –белгілі бір мәселенің жай-жапсарын шешудің нақты жолдары қарастырылуда.

Практикумдар –ата-аналардың бала тәрбиесі жайында, педагогикалық жағдаяттардан шығуда олрды педагогикалық ойлауларын жаттықтыру.

Ашық сабақтар- ата-аналарды бағдарлама бойынша қол жеткен жетістіктермен таныстыру, тәрбиешінің талаптарына ден қоюға бағыт беру. Мұндай сабақтарға ата-аналардың қатысуға балбақшадағы оқу-тәрбие жұмыстары жайында ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын арттырады, баламен қарым-қатынас жасадың жолдарын үйренеді.

Жеке тақырыптық кеңестер-бұл ата-аналарменөзінің баласы жайында, балабақша тыныс-тіршілігі туралы ақпараттармен қамтамасыз етуде, пікір алысуда маңызды. Жеке кеңестердің тәрбиешінің отбасыментығыз байланыс орнықтыруында маңызы зор. Әсіресе, топты жаңадан жинақтағанда, мерекелік іс-шаралар қарсаңында жиі өткізіледі. Оған тәрбиеші алдын ала дайындалғаны абзал, ол үшін ата-анаға алдымен қандай сұрақтар қою керектігін ойланып, жоспарлап алғаны дұрыс. Жеке кеңестер таныстыру сипатында және ата-ана мен тәрбиешінің арасында тығыз байланыс орнықтыратындай бағытта болуы шарт. Тәрбиеші ата-аналарды өзінің кәсіби жұмысындағы төмендегідей маңызыды мәліметтермен таныстру мүмкін:

  • Баланың денсаулығының ерекшеліктері ;
  • Оның қызығушылығы мен іс-әрекетіндегі жетістіктері;
  • Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті;
  • Мінез-құлқындағы эмоционалдық әсерленуі;
  • Мінез сипатынын ерекшелігі;
  • Ойын іс-әрекетіндегі белсенділігі;
  • Құбылыстармен қарым-қатынас ерешеліктері, т.б.

Үйге бару – мұнда тәрбиешінің ата-аналармен жеке жұмысы және баланың отбасындағы жағдаймен танысу.

Ата –аналар жиналысы- тәрбиелеу мен білім беру жұмыстарына талдау жасау және тәжірибені педагогика ғылыми негізінде ой елегінен өткізу.

Жалпы ата-аналар жиналыс-жылына екі рет өткізіледі.

Мақсаты: Балабақшаның нормативтік-құқықтық құжаттармен таныстыру , балабақша жұмысының негізгі бағыттары, міндеттері мен қортындысын таныстыру. Жалпы жиналыстың тақырыбы негізінен жаңа оқу жылының барысы мен қортынды есебі сипатында болады. Онда балабақша меңгерушісі, әдіскер, тәрбиешілер, дәрігер және ата-аналар комитеті төрағасы сөз сөйлейді, есебі тыңдалады. Еңбек нәтижелері мен жетістіктері, кемшіліктері айтылып, оны жоюдың жолдары қарастырылады.

Ата-аналар оқулары –бұл бала тәрбиесі жайында ата-аналармен өткізілетін өте қызықты жұмыс түрінің бірі. Мұнда олар тек қана педагог , психологтарды тыңдап қана қоймайды, өздері алуан түрлі әдебиеттермен танысып, оқып-үйреніп, оны талдауға қатысады. Оны ұйымдастырудың жолдары: біріншіден , оқу жылының басында , алғашқы ата-аналар жиналысында оларды толғандыратын педогоикалық-психологиялық проблемаларды анықтап алады. Ол туралы тәрбиеші арнайы ақпараттар жинайды және оған талдау жасайды. Әдіскердің көмегімен әдебиеттер таңдап, оны ата-аналарға оқу ұсынылады. Олар пайдаланған әдебиеттері бойынша алға қойған мәселелердің шешу жолдарын айтып баяндайды, пікір бөліседі. Тәрбиешімен ой бөліседі. Таңдалатын тақырып қызықты әрі барлық ата аналарға ортақ, толғандыратын, тартымды болғаны тиімді болмақ.

Ата-аналар кештері-мұндай кештер ата-аналар ұжымын біріктіруге, береке-бірлікке шақырады. Ол жылына бір-екі рет өткізілуі мүмкін, мұнда балалар қатыспайды. Ата-аналар кештерінің маңызы – ең бастысы, пікірлеседі, балаларының өмірлік маңызды мәселелерін талқылайды. Ата-аналар ең негізгі мәселе ретінде бір-бірін тыңдауға, өз тыңдай білуге ішкі жан-дүниесімен бөлісе білуге үйренеді.

Қорытынды.  қорыта келе, тәрбиешінің қызметі мен міндеттерін анықтап, тәрбиешінің жеке басына қойылатын талаптарға тоқталдық. Тәрбиешінің педагогикалық шеберлігі және қызметінің ерекшелігі айтылып, тәрбиешінің балабақшада оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасын басшылыққа алып жұмыс жүргізу жолдары қарастырылады.






















Баяндама

«Қиын балалардың психологиясы және тәрбиелеу жолдары»

















Қиын балалардың психологиясы және тәрбиелеу жолдары
 
 Мектепте жұмыс істейтін педагогтар, тәрбиешілер балаларды оқытып - тәрбиелеу барысында, сабақтан көп қалатын, тәртібі нашар, білім деңгейі төмен, құрбыларымен тіл табыса алмайтын, ашуланшақ, бұзақылықтар жасайтын балаларды жиі кездестіреді. Психолог мамандар мұндай оқушыларды «Қиын балалар», «Мінез - құлқында ауытқуы бар оқушылар», «Қиын тәрбиеленуші» қатарына жатқызады. Қиын бала деген кім? Қиын баланың пайда болуына не немесе кім ықпал етеді? деген сұрақтар амалсыздан туындайды. Қиын балалар және мінез - құлықтағы қиындық ұғымы 1920 - 30 жылдары П. П. Блонскийдің еңбектерінде пайда бола бастады. Оның зерттеулерінде қиын балалардың мінез - құлық тарихын мектеп, отбасы арқылы ашып көрсетеді.
 
 Ол қиын балаларға мұғалімнің қатынасы арқылы қиын оқушы терминін нақтылауды жөн көреді. Бұл балаларға былайша мінездеме береді: объективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы – мынадай, ол мұғалімнің жұмысының жемісті еместігіне байланысты. Субъективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы – мынадай, онымен мұғалімге жұмыс істеу өте қиын, мұғалімнен көп жұмыс істеуді талап ететін оқушы. Істі бүлдіруші оқушыларға толыққанды мінездеме бере отырып, П. П. Блонский өз жұмыстарында мектепті, сыныпты ұйымдастыруға баса көңіл бөледі.
 
 Блонскийдің пікірі бойынша қайта тәрбиелеудің нағыз тура жолы, тәртіп бұзушыларды мәдениетсіз ортадан мәдениетті балалар ұжымына біртіндеп әкелу болып табылады. Қиын бала мәселесі бойынша ең алғаш зерттеу жүргізген П. П. Бельский кәмелетке жасы толмаған мінез - құлқындағы қиындығы бар балалардың ішкі дүниесін қарастырды. В. В. Трифонов зерттеулерінде «қиын оқушы анықтамасы – бұл күнделікті педагогикалық әсерге көне бермейтін, өзіне үнемі қосымша уақыт бөліп қарауды, мұғалімнің ерік - жігерін, күшін, қажырлы педагогикалық еңбегін қажетсінетін оқушы.
 
 Г. А. Фортунатовтың зерттеулерінде «қиын балаларға» үлгермеушілер мен тәрбие ықпалына көнбейтін балаларды және психикалық бұзылудан жапа шеккендерді жатқызады. Қазіргі кезде психологияда қиын бала түсінігінің бірыңғай анықтамасы жоқ. Бұл шексіз ұғым, ол жеке адамның өзгеру құбылысын жинақтаушы. Осы категориядағы балалардың жалпы адамдық және өзге ешкімде қайталанбайтын қасиеттері, әлеуметтік және биологиялық факторлардың ықпалымен қамтамасыз етіледі.
 
 Ағылшын психологы Хевитта және Дженкинс қиын балаларды екі үлкен категорияға бөлген: 1. Әлеуметтік формадағы анти қоғамдық мінез - құлқы тән балалар.
 2. Әлеуметтік емес антиқоғамдық агрессивті мінез - құлықты балалар.
 Бұл балалардың жанұясымен, қатарластарымен қарым - қатынасы жаман, эмоциялары бұзылған, агрессивті, қатыгез әрі кекшіл балалар. Ғалымдардың бірқатары қиын балалардың пайда болуын өмірдің қолайсыз және әлеуметтік - биологиялық факторлармен байланыстырды.
 
 Ал И.А.Невский қиын баланың пайда болуы отбасындағы, мектептегі жүргізілетін оқу - тәрбие жұмыстарының жеткіліксіздігінен деп түсіндірді. Яғни, ата - ана тарапынан, мектеп қабырғасынан жылулық сезінбеген, мейірімділік көрмеген оқушы өмірде өзінің ешкімге қажетсізбін деп есептеп, ашуланшақ, агрессивті, қатыгез болып өседі. Қиын оқушының пайда болу себептерін анықтағанда, біріншіден отбасындағы тәрбиеге, ал екіншіден мектептегі оқу - тәрбие мәселесіне аса көңіл бөлеміз. Өйткені, көптеген психолог ғалымдардың зерттеулеріне жүгінетін болсақ, оқушылардың мінез - құлқындағы қиындықтардың пайда болу себептерін отбасындағы дұрыс тәрбие бермеудің салдарынан болатындығын анықтады: 1) отбасының әлеуметтік және экономикалық жағдайы; 2) ата - ананың баласына немқұрайлы қарауы; 3) қараусыз қалған бала немесе шектен тыс қамқорлық. Қазіргі кездегі жас ата - аналар өсіп келе жатқан баласын аса тым еркелетіп өсіріп жатыр десек те қателеспейтін шығармыз.
 
 Аса тым артық мадақтау мен шектен тыс мәпелеуде өскен бала ешқандай күш жұмсамайық көзге түскісі келеді, егер мұғалім ескерту айтатын жағдайда жылай салатын әлсіз, өздігінен еш нәрсеге қол жеткізе алмайтын, ерке болып, өзбеттілігі қалыптаспаған бала болып өседі. Сонымен бірге «Үйлену оңай, отбасын құру қиын» деп ата - бабамыз айтқандай қазіргі жастарымыздың отбасылық өмірге дайын еместігінен, немқұрайлы қарағандықтан қара көзді балалар толық емес отбасында немесе жетім балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр.























Кеңес:

«Бала өміріндегі дидактикалық ойындар»









Кеңес:

«Бала өміріндегі дидактикалық ойындар»

Әрбір бала қуана өз қоршаған ортасын таныуға талпынатың кішкентай зеріттеуші.Үлкендердің ата ананың, тәрбиешінің міндетті сол талпынысты сақтап қалуға, баланың жан жақты дамуына барынша жағдай жасау болып табылады. Ал баланың жан-жақты дамуына ойынның ықпалы зор.

Бала ойынды не үшін жақсы көреді деген сұрақа ойланып көрдініз ба? Ойын балаға не береді?Балалық шағынызда қандай ойын ойнағаныз есіңізде ма?

Ойын ол тәрбиенің пәрменді құралдарының бірі. Ойын әрекеті шынайы әрекет болмасада, өмірге қалыптасып кетуіне жол жасайтың процес. Ойын бала үшін – айналаны танып білу тәсілі десек болады. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып өзіне ақпараттар алады.

Ойынның түрлері өте көп. Қазіргі танда көбінде балалар телефон, компютермен ойналатың ойындарға қызығады. Бірақта бұл баланың дамуына кері әсер етеді, әрине кей ойындарды сабақ барысында пайдалануға болады. Осындай ойындар баланың достарымен емес өзімен – өзі ешкіммен араласпай өз әлемімен жүруге әкеп соқтырады.

«Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасын» басшылыққа ала отырып, балабақшада әрбір жас тобына, ойынның мазмұнына қарай дидактикалық ойындар түрлерін ұсынамын.

Дидактикалық ойын – балалардың оқу әрекетін жандандырып, оқуға деген ынтасын арттыратын маңызды құрал. Дидактикалық ойындардың басқа ойындардан ерекшелігі ойын ережесі болады және ойнаушылар сол ережеге қатал бағынады.

Мазмұны бойынша барлық дидактикалық ойын түрлері балабақша бүлдіршіндерін ақыл- ой белсенділігінің қалыптасуына маңызды құрал болып отыр.

Дидактикалық ойын – балаладың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнмен анықталады.

Дидактикалық ойын баланың әрекетінің бірі. Дидактикалық ойындардың міндеті мен мазмұны балалардың танымдық әрекетін дамытуға бағытталғаның көрсетеді.Дидактикалық ойынның маңызы зор, себебі балалардың дербестігін, ойлау және сөйлеу белсенндігін дамытады.Дидактикалық ойынның элементінің бірі ережелер.

Ережелер оқыту міндеті мен ойын мазмұнына қарай, ойын әрекетінің сипаты мен тәсілін белгілейді. Ереже нәтежесінде өз қимылын басқара білу, оны басқа ойыншылардың әрекеттерімен үйлестіре білу қабілетті дамиды. Ереженің ойынды үйретуші, ұйымдастырушы және тәртіптендіруші сипаттары бар. Тәрбиеші белгілейтің ойын ережелерін балалар біртіндеп меңгереді.Меңгере отыра олар өзінің және жолдастарының ойын үстіндегі әрекетін, қарым-қатынастарының дұрыстығын бағалайды.

Өзімнің өздік білімді жетілдіру жұмысымнын тақырыбын «Дидактикалық ойын мектепке дейінгі балаларды оқытудағы маңызды құрал» деп алдым.

Өзіндік білім жетілдіру жұмысында тек бір дидактикалық ойын түрімен тоқтамай жалпы диактикалық ойын түрлерімен балаларды әр ай сайын таныстырып отырамын. Олар: қимылыд дидактикалық ойындар,тіл дамытуға арналған олардың ішінде сөздік қорын байытуға араналған, тілдің дыбысталу мәдинетің дамытуға,граматикалық сөздік құрылысын қалыптастыруға арналған дидактикалық ойындар , математикалық түсініктерінің қалыптсуына арналған жәнеде үстел үсті ойыншықтармен ойналатын дидактикалық ойындар.

Дидактикалық ойындарды құрумен өткізуде мына негіздерге сүйенемін:

1.Балалардың іс-әрекетінде ойын түрлерімен оқытуды байланыстыру,қызықты жеңіл ойындардан, ойын тапсырмалар арқылы оқу тәрбие мәселесіне көшу.

2.Дидактикалық ойын шартымен міндетін күрделендіру, сол арқылы баланың ақыл-ой мен іс әрекетінің күшеюі.

3. Таңдалған ойындардың баланы ойнай білуге баулып, сөздік қорларының молайту бағытталғаның.

Дидактикалық ойындардың мазмұны, ережесі және ойынның орындалуының басты элементі дидактикалық тапсырмалар болып табылады, ал қалған элементтер осы тапсырманың орындалуына көмектеседі. Балалардың жас ерекшелігіне байланысты дидактикалық ойындарды іріктеп аламын жәнеде сол ойындарға картотека жасаймын.

Ең алғашқы айларда қимылды дидактикалық ойындар өткіздім. Ережесі бар алғашқы ойындарды қимылды ойындар деу қиын, сол себепті алғашында бала білетін бір образға байланыстырып, еліктеу ойындарын өткіздім. («Күн мен түн», «Ұя басқан тауықтар мен балапандар», «Поезд», «Торғайлар мен мысықтар» т.б) бұл ойындарда балаларды ережені орындауға үйрететің сәттер бар: бәрінің бірдей қимылдауы тәрбиешінің айтуымен немесе белгі бойынша т.б

Осымен қатар ең қысқа тапақтың сөздеріне байланысты қимыл ойындарын өткіздім («Жел көбік», «Менің көңілді, шулы доптарым») Ойын әрекетінде бейнелікті арттыру үшін қарапайым атрибуттарды пайдаландым.

Тәрбиеші әрбір салаға нақты міндеттер белгілеуге тиіс. Батылдығы нашар, өзінің әліне сенбейтін жасқаншақ балалады қиындықтарды жеңуге көмектескен дұрыс: секіру кезінде жіпті төменірек қою, денені тең ұстап жүруге үйрету кезінде қолынан ұстап жәрдем беру т.б сол сияқты.

Сөйлеу қатынасы балалардың білімді меңгеруінде, қажетті білікпен дағдыларды қалыптастырады. Өздік жұмысымның жоспары бойынша қазан айында тіл дамытуға арналған дидактикалық ойындар жинақ картотекасымен қосып дидактикалық ойынға арналған дидактикалық материалдар жиынтығын жасадым. Ұйымдастырған оқу-іс әрекеттерінде тілді дидактикалық ойындарын қолдана отырып балалардың есте сақтау дағдыларын қалыптастыру,балалардың ой, зейін,сөйлеу дәрежесін дамыту, және дербес орындайтын жұмысына бағыт беріп, айтқан сөзді түсініп қабылдай білуге үйрету мақсатың көздедімӘдетте балаларды ойынға жинап, жұмылдыра қою тез бола бермеиді. Бала қолындағы ойыншығын қимайды. Сол себепті ойынға тарту үшін қолайлы уақытты тандаған білген дұрыс. Қолайлы уақыт деген балаларддың көңіл-күйі шаршамауы, қимыл қабілетті т.б жағымды жағдайдар кіреді. Сол себепті көбінесе тіл дамыту ойын сабақ үстінде қолданамын немесе сабақтан кейін бос уақытта. Тек серуенен кейін ойнатпаймын. Серуенде көбінде қимылды дидактикалық ойындарды қолданамын және денешынықтыру сабағында қолдануға ұсыныс берем.

Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздегендіктен «Математикалық түсініктер қалыптастыруға» арналған дидактикалық ойындар жиынтығы ата- анамен тәрбиешілерге көмегі өте зор болыып табылады.

Математикалық түсінік қалыптастыруға арналған ойындардың мақсаты бағдарламада аңықталған математикалық білім, біліктері жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және бекіту, қайталау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді.

Өздік білім жетілдіру жоспары бойынша қаңтар айында математикалық түсініктерді қалыптастыруға арналған дидактикалық ойындармен тагныстыру жәнен сол тақырыпта картотека құрастыру. Математикалық түсініктерді қалыптастыруға арналған дидактикалық ойындар картотекасында балалардың жас ерекшелігіне сәйкес ойындар сипатталған. Картотекада әрбір ойынның мазмұны, шарты, дидактикалық мақсаты, керекті құралдары берілген.Ойнау ережелері қарапайым баланың жасына сай тандадап аламын.

Өздік білім жетілдіру жоспары бойынша төртінші айда наурыз айында баларды үстел үстінде ойналатың дидактикалық ойындармен таныстырамын.

Үстел үстінде ойналатың ойындар мектеп жасына дейінгі балаларға өте қызықты. Түрлері бойынша әртүрлі жас ерекшеліктеріне сай ойындар тандап алдым.(«Сосын не болды?», «Тапшы қандай сурет жасырдық?», «Бірдей заттарды тап», «Ыдыстарды жинаймыз»Лото,Домино) Үстел үсті ойындарында балалар заттар туралы түсініктеріне сүйеніп, олар туралы білімдерін терендетеді. Үстел үсті ойындарының дидактикалық тапсырмалары: балаларда заттардың санынын және реттілік есебі туралы, үстел үстінде кеңістікте орналасуы, суреттермен болған өзгерістерді айта білу, олардың мазмұндары туралы білімін бекіту.

Сөзімді А.С Макаренко ойымен қортындылағым келеді: «Аса тиімді әдістің бірі – ойын.Балалық шақтағы ойын – бұл қалыпты жайт, бала үнемі ойнау керек. Баланың ойнауға деген құмарлығы бар оны қанағаттандыру керек.Балаға ойнау үшін уақыт қана бермеу керек, осы ойынмен оның бүкіл өмірін тәрбиелеу қажет. Оның бар өміріол ойын » деп түйіндеген.


















Дәріс:

« БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ОТБАСЫ МЕН БАЛАБАҚШАНЫҢ 

ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ»”














Дәріс:

« БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ОТБАСЫ МЕН БАЛАБАҚШАНЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ»”

Балаларымыз болашағымыз, бала тәрбиесі еліміздің әлеуметтік дамуының, құрылымының келешегін айқындаушы деп есептейміз. Егемен еліміздің көк туын желбіретер ертеңгі болашақ , яғни бүгінгі бүлдіршіндер тәрбиесі аса ауқымды , назар салатын басты мәселенің бірі.

Біздің мемлекетіміз бүгінгі таңда әлеуметтік, экономикалық және саяси негіздерін жаңа заманға сай жасаушы мемлекет .

Мемлекетіміз келешекте жас ұрпақтың еліміздің азаматы болуы үшін денсаулығына, отбасына, ойынға, білімге деген құқықтарын толығымен қуаттап, қабілеттерін барынша жүзеге асыру және үлкен жетістіктерге жетуде табанды болуын қалайды.

Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, біреудің біреуге ықпалы арқылы өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын отбасында алса, жалғасы балабақшамен байланысады, яғни бала тәрбиелене отырып білім алады.

Отбасы адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі-дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі-дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру.

Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты, сондықтан ол қоғам мүддесіне қызмет етуі тиіс. Отбасы ең алғашқы тұлғаны дамытатын әлеуметтік орта. Отбасында баланың тұлғалық қасиетіне ықпал ететін көптеген жағдайлар болады. Мәселен, отбасы мүшелерінің мәдени деңгейі баланың түрлі әлеуметтік құндылықтарды игеруіне игі әсерін тигізеді.

Отбасындағы жас ұрпақтың тұлғалық қасиеттерін қалыптасуына ата-ананың, отбасы мүшелерінің қарым-қатынасындағы мейірімділік пен махаббат қажет. Толық мәнді отбасы болу үшін ата-ананың және басқа отбасы мүшелерінің береке –бірлікті , түсінікті сақтауы, сонымен қатар әр отбасы мүшесінің құқығы қорғалуы тиіс.

Тек осындай ізгілікті мұраттар отбасында орын алғанда ғана, Отанын, елін-жерін сүйетін, өз ұлтының салт-дәстүрін, сонымен бірге жалпы адамзаттық мәдени құндылықтарды бойына сіңіріп, өзінің кісілік келбетін сақтай алатын тұлға тәрбиелеуге болады. Бала отбасынан жақсыны да, жаманды да бойына сіңіреді. Сондықтан халқымыз «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей бала тәрбиесі оның дүниеге келгенінің алғашқы күнінен басталады. Адамзат ұрпағына отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Балаға ата-ана тәрбиесінің орнын ешнәрсе толтыра алмайды. Яғни , елдің ер-азамат тәрбиелеу, ең алдымен , отбасына жүктеліп отыр.

Отбасы –адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі.Ол бала үшін бір үлкен әлем,осы әлемде бала алғаш өмірмен қарым –қатынас жасап, өмірді сүюді, қиындыққа көнуді, қуануды, қайғыға ортақ болу керек екенін ұғынып өседі.Баланың отбасындағы тұлғалық қасиетін жетілдіретін жағдайдың бірі –отбасы ішілік және отбасынан тысқары атқарылатын еңбек. Отбасындағы күнделікті тұрмыс қажеттілін қамтамасыз етуден туындайтын еңбек баланы әлеуметтік қатынасқа түсіріп, оны ересек өмірге тәрбиелейді. Сондай еңбектің барысында баланың жауапкершілігі артып, еңбек ету қажеттілігін түсінетін болады. Отбасы тәрбиесі кешнеді педагогикалық мақсаттылық арқылы іске асады.  Сондықтан кез келген педагогикалық тәрбие отбасымен қарым-қатынас жасамай іске аспайды. Сондықтан балабақшадағы оқу-тәрбие ісінде басты мақсаты ата-анамен тығыз байланыста жұмыс жүргізу болып саналады. Бұл барлық педагогтерге түсінікті жайт, дегенмен әлі күнге дейін балабақша мен ата-аналармен жұмыс жүргізу кәзіргі күннің өзекті мәселерінің бірі болып тұр деп ойлаймын. Сол себебтен балабақша ұжымы , тәжірибелі педагогтердің жұмысының арқасында бүлдіршіндерге ең жақын адамдардың бізбен бірге бірлесе отырып тәрбие ісіне араласуына ат салысып жұмыс жүргізуіміз керек. Біз бірге болуымыз керек екенін ұғындыру біздің басты міндеттеріміздің бірі екенін естен шығармауымыз керек.

Отбасындағы тәрбиенің тиімді болуы ондағы қарым-қатынас түрлерінің орнығуына байланысты. Отбасында түрлі қарым-қатынастар орын алады:

  • ынтымақтастық қарым-қатнас, яғни отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы түсініктік пен көмекке бағытталады.
  • ортақ мүддеге негізделген бірыңғай қарым –қатынас
  • жақсы қарым-қатынасты сақтай отырып, өзара жетістікке жетуді көздеген қарым-қатынас
  • бәсекелестік , барлық жағдайда өзінің бәсекеде ұтуын көздеген қарым-қатынас;
  • түрлі себептермен туындаған отбасындағы қайшылықты қарым-қатынас;

Демек, әр отбасында түрлі қарым-қатынастың орнығуынан баланың жеке тұлғалық қасиеті қалыптасады. Отбасында түрлі қарым-қатынас қалыптары көрініс береді. Кейбір отбасында отбасы мүшелерін бетімен жәбереді, мұндай жағдайда ешқандай қарым –қатынас болмайды. Ал ,кейбір отбасында бедел орын алған қарым-қатынас орнайды. Оның да өзіндік ерекшеліктері бар, онда біреудің басқаларға басымдылық танытуы, бұйыруы баланың тұлғалық қасиетінің дамуына жағымсыз ықпал етеді. Қазіргі кезде заман ағымына қарай,  отбасында демократиялық қарым-қатынасқа ұмтылушылық бар, яғни әр отбасы мүшесі тең құқықты қарым-қатынасты орнатуды көздейді.

Түйіндей келе, отбасында орныққан қарым-қатынас түрі мен қалыптарына сәйкес баланың тұлғалық қасиеттері қаланады. Бала әрқашанда ата-анадан  жүрек жылуын , мейірімділікті қажет етеді, ол ата-ананы өмірдің тірегі санайды. Бала үшін ата-ана игілік жасаушы, үлгі өнеге көрсетуші және ақыл-кеңес айтушы болып танылады.

Қазіргі отбасы тәрбиесіндегі басты нысана баламен рухани үндестік пен үйлесімдікке ұмтылу , ата-баба мұрасын сақтауға көңіл бөлу, халықтың тәлімдік мұрасын бүгінгі күнмен сабақтастыру болып табылады. Осыған орай, отбасында еңбексүйгіштікке , баланың жасына сай еңбек түрлеріне және қоғамдық –пайдалы еңбекке баулудыіске асыру қажет. Ата-ана және әлеуметтік орта, яғни балабақша болашақ азаматтың денсаулығын жастайынан сақтау үшін , оның тәнінің дұрыс түзеліп қалыптасуына , салауатты өмір салтын нығайтуға ерекше мән бергені бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі болып саналады.

Әр отбасы ата тегінен келе жатқан кәсібін, өнерін, таңдаған еңбегін құрметтеп, оны кейінгі ұрпаққа үлгі -өнеге еткен, бірлесіп атқарған пайдалы-қоғамдық еңбек барысында адамгершілік қағидаларды қатаң сақтап, дамытып отырған, ұрпағына ақыл –кеңес беріп, ата-кәсібін құрметтеп, қалыптасқан дәстүрді жетілдірген.

Бүгінгі  күн заман талабына сай оқу-тәрбие үрдісінде ұйымдастыруда әр баланы жеке тұлға ретінде қабылдап, тәрбие ісіне ата-ананы тікелей қатыстырудың оң нәтиже беретінін өмір мен тәжірибе дәлелдеп отыр. Сондықтан көптеген жылдар бойы осы бағытта қажырлы еңбектер жүргізіліп келеді. Біздің балабақшада осы бағытта ата-аналармен талмай еңбек етіп өз алдына мынадай мақсат міндеттерді қойып отыр. «Үздіксіз білім беру мен сауықтандыру, тәрбиелеу жұмысында кеңістік құру сабақтастығын жүзеге асыру» яғни, ата-ана бала тәрбиелеу ісіне белсене ат салысу үшін белгілі бір жүйе құра отырып жұмыс жүргізу. Осы міндеттерді іске асыру барысында «Тәрбиеші-ата-ана» мәселесіне ерекше көңіл бөлініп отырады. Балабақша ұжымы осы мәсе  лерді талдап, талқылай отырып ата-аналармен жұмыс жүргізуді мынадай бөлімдерге бөліп қарадық. «Оқи отырып, тоқи отырайық» , «Өз ойыңды басқамен бөліс» , «Біз біргеміз» .

«Оқи отырып, тоқи отырайық» бөлімінде балабақша педагогтары ата-аналармен бірлесе отырып оқу-тәрбие процесінде жұмыс атқарады.Бұл бөлімде ата-аналарға түрлі жарыстар жарнама жасау, семинар кеңестер беру арқылы жұмыс іске асырылады. Сонымен бірге, педагог-тәрбиешілер де тек балалармен, ата-аналармен жұмыс жүргізіп қоймай өз білімдерін жаңаша толықтыруға талпынады. Әр педагог –тәрбиеші жұмыс бағытын іздей отырып жаңа үрдістегі тәрбиеге тап болары сөзсіз деп ойлаймын.







































Семинар:

«Қобалжу – қалыпты құбылыс!»
























Семинар:

«Қобалжу – қалыпты құбылыс!» 

Мақсаты: Бойдағы қобалжу мен адекватты мінез-құлықты жеңу дағдысын қалыптастыру.

Сәлемдесу «Есімін және болашақтағы арманын айтады». 

Мысалы, «Менің есімім Ақжүрек, Мен болашақта Күрестен Олимпиада Чемпионы болуды көздеймін» 

Негізгі бөлім. 1. Қобалжу жөнінде әңгімелесу. 

Сұрақтар: 1. Қобалжу дегеніміз не? 

2. Қобалжыған адам қалай көрінеді? 

3. Қобалжыған адамның бойында қандай физиялогиялық өзгеріс болады? 

4. Қандай жағдайда адам қобалжиды? 

2. Қысқаша лекция (5-7 мин) Қобалжу – бұл қауіптілікті немесе белгісіздікті күтудегі ішкі уайым, қысым. Қобалжыған адам қызарады, бозарады, дауысы дірілдеп, кекештенуі мүмкін, терлейді, өзін ебедейсіз ұстайды. Қобалжыған сәтте адамның жүрек соғысы мен тыныс алуы жиілеп қол-аяғы дірілдейді, асқазанда жағымсыз сезім пайда болады, ауыз құрғайды. Қобалжуды әркім әртүрлі жағдайда сезінеді. Маңызды шара кезінде уайым, қорқыныштан қобалжу туындайды, абыржу секілді күйді бастан өткізеді. Қобалжудан кейін жинақылық, бағыттылық пен шоғырлану сезімі жүреді. Жалпы қобалжу адамды бейқамдылықтан сақтандырып отыратын «күзетші» қызметін атқарады десе де болады. Алайда, үнемі қобалжу күйінде жүрген «Қызықты психология» республикалық ғылыми-практикалық, танымдық-психологиялық журналы адамның ағзасы күйзелісті сезінеді. 

Күйзеліс (стресс) - ағылшын тілінен аударғанда қысым, керіліс, күш салу деген мағынаны білдіреді. Қобалжудың физиялогиялық жағы: барлықтарыңыз алдағы болатын маңызды оқиғаны күту кезінде жүрек соғысы мен тыныс алудың жиілегенін байқаған шығарсыздар. Физиялогиялық тұрғыдан алып қарасаңыз оның мәні өте қарапайым. Адам қиындыққа кездескенде оның мәні өте қарапайым. Адам қиындыққа кездескенде оның миы ол туралы белгі алады. Белгі алған ми барлық ағзаның қызметін күшейте түседі: жүрек соғысы мен тыныс алудың жиілегенін осылай түсіндіруге болады.

 3. «Сөйлемді аяқта» жаттығуы 

Қажетті құрал: А4 форматындағы ақ қағаз, қаламсап. 

Нұсқау: Әр адамда көңілін түсіретін жағдай жиі кездесіп отырады, бірақ мұңаюды ұзаққа созуға болмайды. Тұжырым - біз жағдайды өзгерте алмаймыз, бірақ қалай ойлап, не ойлайтынымызды өзіміз таңдаймыз. Сондықтанда қазір қағазды екіге бөліп, оң жағына «Егерде ... болса да, мен ...», «Кез келген жағдайда ...» деп жазып, сөйлемдері ары қарай аяқтаңыздар. Жазып болғаннан кейін, ойымен жанындағы жолдасымен бөлісу. Топта өзімен пікірлес адамның бар екенін анықтау. 

4. «Тыныс алу» жаттығуы 

Нұсқау: Тыныс алу - адам өміріндегі ең бірінші кезекте.

Қалған қажеттілік екінші орында. Әр сәттік тынысты - өмірден алған ұтыс деп қараған орынды. Оны кез келген қиындыққа қарсы күш ретінде қолдануға болады. Ол үшін ыңғайлы отырып, денені, омыртқа жотасын тіктеп, иегіңізді сәл көтеріп, мұрнымен кеудеге ауаға толғанша дем алып, ауыз арқылы сыртқа шығару. Денені босаңсыту. Екінші рет тағы да ауаны барынша сіңіріп, тынысты ұстап көтеруге талаптану. Қол, іш пен дененің барлық бұлшықетіне күш салу. Жаймен тыныс шығарып, денені босаңсыту. Толығымен босаңсыту. Дененің еш жерінде қысым мен қобалжу қалмау керек. Жаттығуды 4-5 рет қайталайық.. 

5. Медитация. «Ішкі күш» 

Қажетті құралдар: магнитофон және баяу әуенді таспа. 

Баяу медитативті әуен қойылады. Орындыққа ыңғайлы отырып, көзіңізді жұмыңыз. Төбеңізде жарық сәуленің пайда болғанын елестетіңіз. Ол жаймен жоғарыдан төмен қарай құйылып бетіңізді, мойыныңызды, иығыңызды жылытып, оның жарқырата түсуде. Ол маңдайдағы, еріндегі, беттегі, иықтағы қысымнан қобалжудан босатты. «Қызықты психология» республикалық ғылыми-практикалық, танымдық-психологиялық журналы Жарық қозғалысы төменге түсіп, ішіңізді қыздыра бастады, жағымсыз көңіл күй мен сезім, іштегі жарық жылулығын арттырып, ыси бастайды. Бойдағы қобалжу, күйзеліс ыстықтан еріп, қол және саусақ ұшынан сыртқа төгіліп жатыр. Сіздің денеңіздегі барлық бұлшықетіңіз босаңсып, рахат күй кешудесіз. Ішкі жарық сәуле сіздің жаңа бейнеңізді жасауда - ол байсалды, өзіне сенімді, өзіне және өмірге көңілі толатын жеңісті тұлға. 

Енді жаттығуды: «Мен жаңа адаммын!» ұранымен аяқтаңыз. 

Кері байланыс: Бүгінгі кездесу несімен қызық болды



























Кеңес:

Позитивті ойлау және оған дағдыландыру












Кеңес:Позитивті ойлау және оған дағдыландыру


Егер сіз төмендегі жағдайға тап болсаңыз, қандай ой туындар еді?

Қандай эмоция пайда болады?

«Мен онлайн сабаққа кешігіп қалдым, себебі, кеше мен телефондағы бір ойынды беріліп

ойнадым да, уақыттың қалай өтіп кеткенін байқамадым. Сондықтан дер кезінде ояна

алмадым. Тез жиналдым да, сабаққа қосылдым, бірақ сол сәтте кеше жасаймын деген

тапсырманы бүгінгі сабаққа дайындау керектігі есіме түсті. Жақын досым кеше менен

тапсырманы нақтылап сұраған болатын. Алайда, ол маған бұл туралы ескерткен жоқ»

Сіз үшін позитивті ойлау деген не?

Позитивті ойлау — бұл өмірде жақсы бір нәрсе болғанда туындайтын сезім емес, -

мұндай сәттерде өзіңді оптимист сезіну оңай. Ол қандай жағдай болмасын, өзіңдегі

үмітті үзбеу және қызығушылықты жоғалтып алмау қабілетімен байланысты.

Позитивті ойлау — бұл эмоционалды зияттың негізгі бөлігі, себебі EQ эмоцияларды және

жағымды жағдайларды басқарумен, сондай-ақ қандай да бір эмоциялардың ұнамды

мағыналарын ұғынумен байланысты.

Жағымсыз ойлайтын адамдар:

Ішіне өкпесін сақтайды;

Өзгелерді сынап, мінейді;

Өз қателіктеріне басқаларды кінәлайды;

Бәрін білемін деп ойлайды;

Іштей «басқалардың қолынан келмей қалса екен» деп тілейді;

Ашуға бой алдырғыш;

Мақсаттары жоқ;

Адамдарды сөз қылуға құмар;

Оқиғалар мен ақпараттарды жасырады;

Өзгерістерден қорқады;

Өз жеңістеріне мақтанғыш.

Позитивті ойлайтын адамдар:

Қошемет сөздер айтып жүреді;

Өз қателіктеріне өзі жауапты;

Басқаларға сәттілік тілейді;

Жаңа нәрселерге ұмтылады, үйренуден қашпайды;

Мақсаттар қояды, оған қол жеткізуді жоспарлайды;

Өзгерістерден қорықпайды;

Өз білгенімен бөліседі;

Идеяларды бақылайды, талдайды;

Басқаның жетістігіне қуанады, құрмет көрсетеді.

Біздің миымызға ең бірінші келетін автоматты ойлар:

Бәрі немесе ештеңе де: «Мен емтихандардан үнемі құлап қаламын», «Мен өзімді

жақсы көретін адамды ешқашан таба алмаймын».

Асыра айту: «Менің тақтаға шыққаным өте нашар болды, бір сөзді дұрыс айта

алмадым»

Таңба ілу: «Мен жалқаумын, семізбін, ұсқынсызбын».

Болашақты болжау: «Менің қолымнан келмейді», «Пойызға үлгермей қалам»,

«Менің жолым болмайды».

Кемсітіп айту (көңілі толмайды): «Мен шахматтан ұттым, бірақ бұл жәй сәйкестік

қой»

Жекелеу (персонализация): «Мен оған болған жәйтті айтып жатсам, кетіп қалды.

Мен бір нәрсені дұрыс айтпадым-ау»

Өзгенің ойын оқу «Мені жауапсыз деп ойлайтын шығар», «Мені жолы болмайды деп

ойлайды олар».

Негативті ойдан арылып, позитивті ойлауға дағыдыландыратын жаттығулар

«Кері айтшы» ойыны

Жалқау

Еңбекқор

Қорқақ

Батыл

Сараң

Жомарт

Немқұрайлы

Қамқор

Ащы

Тәтті

«Ақыл тәнге әсер етеді, тән ақылға әсер етеді»

Төмендегі суреттегі жаттығу

Позитивті

сөйлеуді

қолданамыз.

Төменде

кестедегі

сөз

тіркесін

позитивке

айналдырыңыз.

Менің қолымнан келмейді

Мен істей алмаймын

Мен ақымақпын

Менің күшім жетпейді

Бәрі мен жек көреді

Мені түсінбейді

Өзіңізге күшті сұрақтар қойыңыз:

Мен үшін қуат көзі не? Күшті, энергияны қайдан аламын?

Мен не істей аламын?

Менің мүмкіндіктерім қандай?

Менің қолымнан нені жақсы істеу келеді?

«Егер адам басындағы әрбір ойы мен аузынан шыққан әр сөзі әлемді аралап, өзіне қайтып

келетінін білген болса, сөйлегенде, ойлағанда өте абай болар еді» А.Эйнштейн.

Позитивті ойлаудың пайдасы:

Ынтасының артуы;

Өз мақсаттарына ұмтылу;

Қарым-қатынасқа жақсы түсу;

Күйзелісті жағдайларда төзімділіктің артуы;

Қиындық, сәтсіздік жағдайларға төтеп беру, оңай өту;

Өзін-өзі бақылауы, өзін дұрыс бағалауы дамиды.

«Мен бүгін бақыттымын» жаттығуы

Бүгінгі күнді, қуанған сәттерді, артықшылықтарын, жақсылықтарын бағалауға, табуға

үйретеді. Бүгін не үшін қуанғанын есіне түсіріп, өзін-өзі бақылауға итермелейді.

«Менің идеалды күнім» жаттығуы

Берілген әдістемені америкалық психолог және позитивті психологияның негізін қалаушы

Мартин Селигман ұсынды. Бұл техниканы мақсат қоятын кезде қолдану ұсынылады.

Әдістеменің арқасында сіз өзіңізге жағымсыз нәрсеге емес, позитивке, талпынған

нәрсеңізге ден қоясыз. Өзіңіздің мінсіз күніңізді барынша нақты сипаттаңыз. Өзіңіздің жеке

қалауларыңыз бен өмірлік құндылықтарыңыз туралы ұмытпаңыз. Мысалы, сіз не

қалайтыныңызды жаза аласыз: жақындарымның жанында болу, сүйікті хоббиіммен

айналысу, табиғатта демалу, қызықты жобалармен айналысу. Сіз өзіңізге рақат сыйлайтын

дүниелер туралы жазуыңызға болады. Әркімде бұл тармақтар әртүрлі. Осыдан кейін сізге

бұның бәрін жүзеге асыру керек. Күніңізді мінсіз өткізуге тырысып көріңіз, сосын талдаңыз

– нені істей алдыңыз, не нәрсе жасалмады.

«Алғыс күнделігін» толтыру

Алғыс айту техникасын пайдалану арқылы әр күнге өз себептерін жаза отырып, алғыс айту.

Бұл адамның өзіне, өз өміріне көңіл толушылықты арттырып, жігерінің артуына

көмектеседі.

Бақытты еткен, қуантқан жағдай;

Табиғаттағы қуантарлық құбылыс;

Сізге жасалған қамқорлық, жақсылық;

Қол жеткізген жетістігің.

«5 артықшылық» жаттығуы

Берілген әдістемені пайдаланып позитивті ойлауды айтарлықтай тез дамытуға болады.

Үрейлі сезімдер тудыратын, ұйықтауға және жақсы көңіл-күйде болуға кедергі келтіретін

жағдайлар туралы ойлаңыз. Олардың әрқайсысын талдап, жақсы жақтарын табыңыз (бестен

кем емес).

Мысалы: Байқаусызда телефонды сындырып алдыңыз. Үйдің кілтін жоғалтып алдыңыз.

Супермаркеттің кассасында әмияныңызды ұмытып кеттіңіз. Осы жағдаяттардың 5

артықшылығын табуға тырысыңыз.

Кез келген жағдаятта 3 түрлі сұрақ қоямыз:

Болған жағдайда қандай жақсылық бар?

Мен не үйрене аламын?

Мен жағдайды қалай түзей аламын?

Жағымсыз ойлар жағымсыз эмцияға апарады.

«Күнделік» жаттығуы

Кем дегенде 1 ай:

Өмірімдегі қуанышты оқиғалар

Менің жетістіктерім

Менің артықшылықтарым

Менің армандарым

Менің алғыстарым

«Артықшылықты іздейміз» жаттығуы

Сізде қандай артықшылықтар бар екенін түсіну өте маңызды. Өзіңнің мықты жақтарыңды

дамыту жетістікке жетуге көмектеседі.

Күнделікті өзіңнің осы жағымды сипаттарыңды растап, жазып отыру керек.

1) Мен жауаптымын

2) Мен еңбекқормын

3) Мен көңілдімін

4) Мен ұқыптымын

5) Мен мейірімдімін

6) Мен көпшілмін

7) Мен адалмын

8) Мен батылмын

9) Мен дербеспін

10) Мақсатыма жетемін





















Баяндама:

«Балабақшадағы қиын балалар»



















Баяндама: «Балабақшадағы қиын балалар»

Соңғы жылдары мектепке дейінгі жастағы балалардың қиын тәртібі өзекті мәселе болып

отыр. Бұған себеп, ең алдымен, ішкі факторлар – шектен тыс теледидар алдынан табылу, қажетсіз

тележобаларды тамашалау, отбасылық дағдарыс, және т.б. Қазіргі заманғы балалардың осыдан

жиырма жыл бұрынғылардан айырмашылығы жер мен көктей екендігі баршаға мәлім. Олар тез

қозғыш және басқаруға көнбейді.

қолдарымен

жасай

алмайды,

тыныш

отыру,

бірер

минут

қызығушылықпен ойын ойнау олар үшін қиынға соғады. Біздер болсақ, көп жағдайда мұндайға

назар аудармаймыз және бұларды қиын балалар санының өсуімен еш байланыстырмаймыз.

Алайда, дәл осы мәселелелер балалардың қиын тәртібінің қалыптасуының негізіне айналады.

Қиын балалар мәселесін шешу қазіргі таңда біраз қиыншылықтар тудыруда. Әсіресе, жаңадан

келген жас мамандар үшін қиын балалармен жұмыс істеу оңайға соқпасы анық.

Осы жұмысты жазуда алға қойылған мақсат – «Қиын балалар деп қандай балаларды

айтамыз? Олармен жұмыс істеудің тиімді жолдары қандай?» деген сауалдарға жауап табу.

- мектепке дейінгі жастағы балалар арасында кездесетін қиын балаларды сипаттау;

- балалардың қиын тәртібінің негізгі себептерін қарастыру;

- қиын балалармен тиімді жұмыс істеу үшін ата-аналар мен тәрбиешілерге арналған кеңестерді

«Қиын балалар» дегеніміз кімдер?

Сонымен, қиын балалар деп біз қандай балаларды айтамыз? Балабақша тәжірибесінде

неліктен «қиын бала» түсінігі жиі қолданылады? Балалардың қиын тәртібі жәйдан жәй еш себепсіз

қалыптаспайды. Көп жағдайда баланың қиын тәртібіне негізгі себеп педагогикалық кері кету және

дұрыс ұйымдастырылмаған тәрбие беру үрдісі.

Әрбір педагог «қиын бала» мәселесімен бетпе-бет келгендігі анық жәйт. Қиын бала

барлығын ренжітеді, басқа балалармен ойнау білмейді, ойыншықтарымен, басқа да заттарымен

бөліспейді, үлкендердің айтқан сөздеріне, өтініштеріне құлақ аспайды, бір орында тыныш отыра

алмайды, тіл алмайды т.б. Балалардың мұндай қылық көрсетулеріне әртүрлі факторлар әсер етеді.

Біріншіден, жоғарыда айтып өткендей педагогикалық үрдістің дұрыс ұйымдастырылмауы;

Екіншіден, отбасылық тәрбиенің ерекшеліктері: бала өмірін дұрыс ұйымдастырмау, балаға

деген қарым-қатынастың дұрыс болмауы, қорқыту, шектен тыс әлпештеу, қақтығыстар, т.б.

Үшіншіден, бала тұлғасының ерекшеліктері: өзін-өзі дұрыс бағаламау, қарым-қатынасқа

түсе алмауы, эмоциялық дұрыс жетілмеуі, өзіндік алдына қойған мақсатының болмауы т.б.

Төртіншіден, ересектердің жағымсыз қылықтар көрсетуі;

Бесіншіден, құрдастары, топтағы балалармен арадағы қақтығыстар;

Алтыншыдан, психологиялық және физикалық дамуындағы ауытқушылықтар.

Қиын балалар қатарына әдетте, қобалжуы басым балаларды, гипперактивті балаларды,

агрессивті балаларды, тұйық балаларды, ұялшақ балаларды және тағы басқаларын жатқызамыз.

Қобалжуы басым балалар – кез келген өмірлік жағдайларда, тіпті ол елеусіз мәселе болса

да, үнемі алаңдаумен болатын адамның жеке психологиялық ерекшелігі тән балалар. Өздеріне

қоятын талаптары тым жоғары, өздеріне қашанда сын тағады. Олардың өзін-өзі бағалауы өте

төмен, барлық жағынан басқалардан нашармын деп есептейді. Мұндай балалар қашанда

Баланың бойында қобалжудың пайда болу себептері:

- Бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынастың бұзылуы;

- Түрлі себептерден пайда болатын ішкі қақтығыстар.

Агрессивті балалар – тіл алмайтын, қатарластарына өте қатал қарайтын, төбелесқор,

шектен тыс белсенділік танытатын балалар. Агрессивті бала басқа балаларға үнемі шабуыл

жасайды, оларды мазақ қылады және ұрады, ойыншықтарын алып қояды, сындырады, бір сөзбен

айтқанда балабақшаның «қорқынышына» айналады. Олар ересектердің түсінігі мен қолдауына

мұқтаж. Сондықтан біздің міндетіміз – балаға уақытылы жәрдем беру.

Балалардың агрессивті тәртібінің себептері:

- Ата-аналарының қабылдамауы;

- Ата-аналар тарапынан дұрыс қатынас жасалмауы;

- Жағымды эмоциялық байланыстардың үзілуі;

- Орынсыз айтылған сындар мен баланы төмендететін ескертулер;

- Ата-ана назарынан тыс қалу;

- Физикалық белсенділігіне шектеу қою;

- Баланың жеке ерекшеліктері, оның мінезі, темпераменті, т.б.

Гипербелсенді балалар - қозғалыс белсенділігі шектен тыс жоғары балалар. Мұндай

балалар бір сәт тыныш отыра алмайды. Ол күнімен қозғалыста, біреудің артынан қуады, секіреді,

жүгіреді, тыным таппайды. Оның бірнәрсеге қызығушылық танытуы өте сирек, «Не үшін?»

«Неліктен?» деген сауалдарды гиперактивті балалар жиі қолдана бермейді. Сауал қойған күнде де

оның жауабын естуді ұмытып кетеді. Бала үнемі қозғалыста болса да ебедейсіз келеді, жүгіріп

жүріп заттарды құлатады, ойыншықтарды сындырып алады, жиі құлап қалады. Көңіл-күйі күрт

өзгереді. Бірде қатты қуанып жүрген бала, енді бір қарасаңыз бітпейтін еркелігін көрсетеді. Көп

жағдайда агрессивті қылық көрсетеді.

Гиперактивті балалардың туындау себептері:

- Генетикалық себептер ( тұқым қуалау арқылы беріледі);

- Биологиялық себептер (аяғы ауыр кезде мидың жарақаттануы, туу кезіндегі жарақаттар);

- Әлеуметтік-психологиялық себептер (ата-аналардың ішімдікке салынуы, тәрбиенің дұрыс

ұйымдастырылмауы).

Ұялшақ балалар – өзін және өз мүмкіндіктерін басқа адамдар алдында көрсетуден

қысылатын балалар. Ұялшақтыққа себеп болатын факторлар:

- Ерте анасынан айрылу;

- Ата-аналарының шектен тыс қаталдығы;

- Балаға қойылатын талаптардың көптігі.

Тұйық балалар – онша сөйлемейтін, балалармен онша ойнамайтын, тек жалғыздықты

қалайтын балалар. Мұндай балалар табиғатынан үндемейді, көзін үнемі төмен салып жүреді, иығы

еңкіш тартып тұрады, бірнәрсе айтсаң қалтырап кетеді, сөйлегенде ешқашан бетіне қарамайды.

Балалардың тұйық мінезінің түрлі себептері бар:

- Баланың жеке психологиялық ерекшеліктері, жан-дүниесінің нәзіктігі;

- Баланың жанұяда жалғыз өскендігі;

- Ата-аналарының туыстарымен дұрыс араласпай, баланың көзінше тек жағымсыз пікірлер айтуы;

- Ата-анасының балаға дұрыс көңіл бөлмеуі;

- Табиғи, туа біткен кемістіктің болуы.

Қиын балаларға қандай көмек көрсете аламыз?

Қобалжуы басым балалармен 3 бағытта жұмыс жасау ұсынылады:

- Өзін-өзі бағалауын жоғарылату;

- Баланы қобалжытатын жағдайларда өзін басқаруға үйрету;

- Денесін қысымнан босату.

Мұндай балалармен жұмыс жасауда драмалық ойындар жақсы нәтиже береді. Ойынның

сюжеті баланың қорқынышы немен байланысты екендігіне қарай таңдалып алынады. Өзінің

қорқынышын сурет арқылы бейнелеу, өз қорқынышы жайында әңгімелесу сияқты әдістер

қолданылады. Қобалжуы басым балалармен жұмыс жасауда баланы біржолата қорқынышынан

арылту мақсат емес. Мұндағы мақсат өз сезімдерін ашық және еркін түрде білдіруге көмектесу,

өзіне деген сенімділігін арттыру. Уақыт өте келе бала өз іс-әрекетін бақылауды үйренеді.

Қобалжуы басым балаларға кез-келген тапсырманы орындау тапсырылса, оларда міндетті

түрде «Мен істей алмаймын», «Менің қолымнан келмейді» деген ой туындайды. Мұндай жағдайда

оған өзінен әлдеқайда кішкентай, қолынан ештеңе келмейтін баланы елестетуін тапсырыңыз. Одан

соң, керісінше, тапсырманы орындау қолынан келетін баланы елестетсін. Осылайша ол тырысып

көрсе жасай алатындығын түсінеді.

Агрессивті балаларға қалай көмек көрсету керек?

Мұндай балалармен жұмыс 3 бағытта жүргізілуі керек:

- Баланың ашу-ызасымен жұмыс істеу – яғни балаға өз ашу-ызасын басқа адамдарға зиянын

тигізбей шығаруды үйрету. Ол үшін мынадай ойын түрлерін қолдануға болады: «Айқай

қапшығы», «Тебуге арналған жастық», «Ашу-ыза парағы» т.б.

- Өзін-өзі бақылауды үйрету – балаға ашу немесе қобалжу тудыратын жағдайларда өзін-өзі ұстай

білу дағдысын үйрету. Ол үшін мынадай ойын түрлерін қолдануға болады: «Онға дейін санадым

да мен шештім», «Сахнада ашу» т.б.

- Баланың сезімдерімен жұмыс істеу – өзінің және басқа адамдардың көңіліне қарау, өзін басқа

адамның орнына қоя білу, басқаларға сену сияқты қасиеттерді үйрету. Ол үшін мынадай ойын

түрлерін қолдануға болады: «Суретке қарап әңгімеле», «Келеңсіз жағдайдан шығу» т.б.

Гиперактивті балалармен қалай жұмыс жасау керек?

- Олар жазалауды қабылдай алмайды, керісінше, мақтау сөз оларға жақсы әсер етеді. Мұндай

балаларды физикалық жазалаудан мүлде бас тарту керек.

- Қиын жағдайда баланы құшақтау, жұбату, өзіне жақын тарту жағымды нәтиже береді, ал үнемі

ұрысу, шектеу қою жағдайды одан бетер өршітіп жібереді.

Баламен

бірлесіп

оның

күнделікті

күн

тәртібін

ұйымдастыру

баланың

өмірін

ұйымдастыруға көмектеседі.

- Баланың талпыныстарын жиі айтып, мақтап отыру оның құштарлығын арттырады.

- Гиперактивті бала көпшілікті көтере алмайды, сондықтан оған бір ғана адаммен болу

пайдалырақ.

- Мұндай балаларды қатты шаршатпау керек, шаршау олардың өзін-өзі басқаруын төмендетіп,

белсенділігін арттырып жібереді.

- Қойылатын шектеулер міндетті түрде жұмсақ сөзбен байыппен айтылып жеткізілуі керек.

Ұялшақ балалармен қалай жұмыс істеу керек?

1 Оны басқа балалармен салыстырмаңыз және де оның сәтсіздіктерін бетіне баспаңыз. Керісінше,

оның аздаған жетістіктерін атап сол үшін мақтай біліңіз. Басты міндет – балаға шынайы сенім

білдіру.

Оны

асықтырмаңыз,

жаңашылдыққа

үйренуіне

уақыт

беріңіз.

Ұялшақ

балаға

жағдайлармен танысуға, қарауға, мұндағы тәртіпті түсінуге біраз уақыт қажет болады.

3 Баланы батыл болуға күштемеңіз. Ересектердің батылдыққа үйретіп айтқан кеңестерді еш

нәтиже бермейді. Себебі, бала 7 жасқа дейін сезімдер мен бейнелер әлемінде өмір сүреді.

4 Балаға да, баланың көзінше де айқайлауға болмайды.

5 Балаға шектен тыс талап қою өте қауіпті. Бала оның тәртібіне, жетістіктеріне қарамастан өзін

бағалайтындығын сезінуі керек.

6 Бала өз мүмкіндіктерін көрсете алатын, өзіне деген сенімділігін арттыратын, қатарластарының

құрметіне ие болатын жағдайлар қалыптастыруға тырысыңыз.

Тұйық балалармен жұмыс жасауда мынадай кеңестерді есте сақтаған жөн:

1 Ар-намысына тиіп, ақыл айта бермеу;

2 Бақылау арқылы баланың бойындағы қорқыныштарын анықтап, оны жеңуге көмектесу;

3 Сөйлеу, зейін, іс-қимыл дағдыларының қалыптасуына көмектесу;

4 Эмоциялық жайсыздықтан құтылуға көмектесу;

5 Белгілі бір іске деген қызығушылығын арттыру.

Қорытынды

Сонымен, «қиын бала» мәселесі қазіргі таңдағы қиын мәселелердің қатарынан орын алып

отыр. Балабақшаның әрбір тобында кем дегенде бір тәртіпке көнбейтін бала міндетті түрде

кездеседі. Олармен жұмыс жасау балабақша психологының міндеті болып табылады. Алайда,

психолог бар екен деп тәрбиешілерге, ата-аналарға қол сілтеуге, әрине, болмайды. Жалпы, тәрбие

үрдісі бірлесе жүргізілетін, сабыр мен төзімділікті қажет ететін үдеріс. Қиын балаларды

тәрбиелеу, олардың тәртібін жағымды жаққа өзгерту үлкен күшті талап етеді.

Қорытындылай келе айтарым, қиын балалардың барлығының қиын тәртібінің негізгі

себептері мыналар болып табылады:

1 Ата-анасының назарын аударту. Ата-аналарының өз шаруаларымен жүріп балаға қажетті көңіл

бөлмеуі баланың тіл алмауының негізгі себебі болып табылады.

2 Баланың өзіндік «Мені». 2 жастан бастап бала барлығын өзі жасауға ұмтылады. Ата-анасының

сынына тіл алмаушылықпен жауап қайтаруға тырысады.

3 Кек алуға ұмтылыс. Әр түрлі себептермен ата-аналар өздері де байқамастан баланың жанын

жаралайды (мысалы, анасы баласының сүйікті ойыншығын тығып қояды,т.б.).

4 Өз күшіне сенімінің жоғалуы. Егер де бала бірнәрсеге ренжісе немесе қамықса тіл алмай кетеді.

Бұл көбінесе баланың өзіне сенімсіздігінен және өзін-өзі бағалауының төмендеуінен туындайды.

Қиын балалармен жұмыс жасауда ата-аналар мен тәрбиешілерге арналған пайдалы

кеңестер:

- Шыншыл болыңыз, бала сізге сенім білдіре алатын жағдайда ғана ішкі жан-дүниесін аша алады;

- Бала ең алдымен сіздің өзіне деген сүйіспеншілігіңізді қажет етеді;

Барлық

іске

(кезекшілік,

сабаққа

дайындық,

ойыншықтарды

жинау,

т.б)

баланың

қызығушылығын арттыра біліңіз, аздаған өтінішіңізді орындағаны үшін қуанышыңызды білдіріп,

мақтай біліңіз;

- Балаға қарсы айтылған себепсіз жала жабулар мен шағымдарға мән бермеңіз, мейірімді болыңыз,

бірақ әділдікті ұмытпаңыз;

- Баланы басқа балалармен достастыруға тырысыңыз, олармен бірге ойнаңыз, ортақ әңгіме

айтыңыз;

- Қиын баланы мейірімді, ақкөңіл балалармен жиі бірге қалдыруға тырысыңыз;

- Баланың қабілеттілігін дамыта біліңіз;

- Баламен жеке жұмыс жасауға көбірек уақыт бөліңіз;

- Бала кез-келген мерекелік шараларға, ертеңгіліктерге қатысуы керек;

- Құлап қалса, жыласа – құшақтаңыз, аяушылық білдіріңіз;

-Балаға өзіңіздің оның досы екендігіңізді, оған тек қана жақсылық тілейтіндігіңізді түсінуіне

көмектесіңіз;

- Ешқашан басқа адамдардың баланың кемшіліктері мен тәртібін сынауға, оны мазақ қылып

күлуге жол бермеңіз;

- Агрессивті тәртіп қорқыныш пен өзіне деген сенімсіздік нәтижесінде туындайтындығын естен

шығармаңыз;

- Баламен бірқалыпты, сабырлы, жұмсақ дауыспен сөйлесіңіз;

- Ең бастысы бала қашанда шынайы. Сіздің мейіріміңізге міндетті түрде жақсылықпен жауап

беретіндігі анық.

Осы ұстанымдарды ұстанып, баламен жұмыс жасауда сабырлылық пен төзімділік таныта

білген адам түптің түбінде жеңіске жетері анық.

Өзімнің жұмыс тәжірибем бойынша айтар болсам, оқу жылы бастала салысымен, яғни,

қыркүйек айы бойы топтардағы қиын балаларды анықтау басты міндетіме айналды. Оларды

анықтау үшін түрлі әдістер, сауалнамалар қолданылды. Алдымен, топ тәрбиешілерімен әңгімелесу

арқылы олардың пікіріне жүгіндім. Олардың ұсынған балаларын сырттай бақылауға алдым.

Кейіннен арнайы сауалнамалар арқылы топтағы агрессивті, қобалжығыш, гипербелсенді, ұялшақ,

тұйық, т.б. балаларды анықтадым. Агрессивтілік, қобалжу деңгейлерін нақты анықтау үшін басқа

сауалнама түрлеріне жүгіндім. Осылайша, бір ай көлемінде балабақшадағы қиын балаларды

бақылап, бір топқа топтастырып, олармен түзету-дамыту жұмыстарын жүргізуді бастадым.

Жұмыс жүргізу үшін арнайы 3 айды қамтитын бағдарлама құрастырылды. Бағдарлама

бойынша аптасына бір күн жарты сағат қиын балалармен түзету-дамыту сабағы жүргізіледі.


















Педагогтің жеке тұлғалығымен кәсіби шеберлігін бағалау


Жүргізілетін

 мерзімі




1




Жаттығу.«Сөйлемді жалғастыр»





Қазан 



2




«Адамға құлауға жол бермеңіз» графикалық психодиагностикалық әдістемесі




Желтоқсан



3



Тест: «Қай ағашты таңдайсыз?»




Қаңтар 





4




Жаттығу: «Мен саған сенемін»




Ақпан




6



Тест: «Қолшатыр»




Сәуір






Жаттығу

«Сөйлемді жалғастыр»




Жақсы өмір – бұл......

Бақытты адам – ол.......

Мен адамдардың ....... жоғары бағалаймын.

Менің өмірімнің маңызы мынада.....

Менің өмірім – ол ...

Менің көңіл-күйім көбінесе ...

Менде нашар көңіл-күй пайда болады, егер...

Айналадағы әлем-ол...

Менің достарыма деген қарым – қатынасым...

Жалғыздық мен үшін ол ...

Оқу мен үшін ол...

Егер мен оқудан шығып кетсем...

Мен ойлаймын, біздің отбасымыздың бір-біріне деген қарым-қатынасы...

Отбасылық қарым-қатынас дегенді мен былай деп түсінемін...

Неке (брак) мен үшін...

Ата-анамның алкогольге деген қарым-қатынасы...

Менің ата-анам спирттік ішімдіктерді ...... қолданады.

Өз өмірімді қию туралы ойлар мені....... мазалайды.

Мен өз түрімді, кел бетімді........ деп ойлаймын.

Пікір алмасу.(Оқушыларға сөз беріледі)

Адам тумысынан жамандыққа үйір емес. Жақсылық адам бойына бала кезде егіледі. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық өнімінің өніп шыққаны, оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады.

жанұядағы тәрбиені адам өз өмірінің «алтын бесігі» мектеп қабырғасында жалғастырып, өмір заңдылықтарын үйренеді.

Кешірімді болу,кек сақтамау, әділ болу өмірге керекті қағидалар.

Барлық адамдар тең құқықты, ерікті, қадірлі. Өмір сүру құқығы адамның бас бостандығы мен жеке өмір сүру еркі қасиетті болып табылады.

Адам бойында жақсы қасиет әр оқушының өз отбасын сыйлауынан басталады







«Адамға құлауға жол бермеңіз» графикалық психодиагностикалық әдістемесі

Тест тұтас психология ұстанымдарының негізінде сіздің мінез-құлық ерекшеліктеріңізді

анықтауға мүмкіндік береді.

Нұсқаулық: Бұл суретте адам бейнеленген, онда құлап барады ма, әлде одан секіреді ме

анықтап алыңыз. Сіз адамды жарақаттанудан құтқарыңыз және құлап кетуіне жол бермеңіз. Өз

еркіңіз бойынша суретті қажетті бөлшектермен толықтырыңыз.

Әдістемені өңдеу және қорытындысы

Біріншіден, сурет салар алдында ойланып алыңыз, бейнеңіз қандай іс әрекет жасайды,

секіреді ме немесе құлайды ма. Егер сіз салған адам өз еркімен секірген болса, онда бұл сіздің

батыл және белсенділігіңізді білдіреді, сіз әрекетке көшпес бұрын ойланып аласыз, тәжірибеге

жақынсыз, теорияға алыссыз. Егер сіз адам құлайды деп ойласаңыз, онда бұл сіздің шешім шығара

алмайтыныңыз жайлы және бәрі өздігінен шешілгенше күте беруге дайынсыз. Сіз белсенді

әрекеттер танытпайсыз.

Енді адам үшін «алғашқы көмек» ретінде жасаған және оның құлап кетуіне жол бермеуге

арналған суретке толығырақ тоқталу қажет. Егер сіз адамның аяғының астына су (өзен, көл, теңіз)

салған болсаңыз, онда бұл бәрін өз бетімен шешуге деген бейімділігіңізді білдіреді. Сіз жағдайды

аяғына дейін шешуге ешқандай қадам жасамайсыз. Сіз белсенді болатын сәттерде белсенді

болмайсыз, сізге белсенділік қажет.

Егер сіз құлап кетуді жеңілдету үшін адамның аяғының астына батут немесе созылған

көрпе салсаңыз, бұл сіздің көрегендігіңізді білдіреді. Сіз қиын жағдайларға сирек кездесесіз,

өйткені сіз әрқашан оқиғалардың дамуында барлық мүмкін нұсқаларды мұқият қарастырып,

болуы мүмкін барлық нәрсені болжауға тырысасыз. Бірақ сіз бір нәрсені ескермесеңіз де, сізде

жағдайды сақтау үшін әрқашан дайын құралдар болады. Сізге сенім артуға болады .

Егер сіз жартастың астына қолын созып, құшақтап алуға дайын тұрған адамды салсаңыз,

бұл сіздің сенгіш екеніңізді білдіреді, кез-келген адамға сенуге дайын тұрасыз. Сіз тығырықтан

шығудың жолын таба алмай, сізге көмектесетін адамды іздейсіз. Сіз адамдарды жақсы

білмегендіктен, жиі алданып қаласыз.

Егер сіз жартасты кішігірім қорғанға айналдырсаңыз, осылайша адамның құлауын

тоқтатсаңыз, бұл сіздің көшбасшылық қасиеттерге ие екеніңізді және адамдарды басқаруға

қабілетті екеніңізді білдіреді. Әртүрлі жағдайдаларда сіз өзіңізді жоғалтпайсыз және болған

жағдайды түзету үшін барлығын жасайсыз. Егер сіз адамға қанаттың суретің салсаңыз, онда бұл

сіз әрқашан қиын жағдайларда ақылға қонымды жолды таба аласыз дегенді білдіреді.

















Тест: «Қай ағашты таңдайсыз?»

Сырт көз сыншы. Ішкі жан дүниеміз өзімізге ғана мәлім болса да, өзгелер бізді басқа қырымыздан тануы мүмкін. Басқа адамдардың біз туралы не ойлайтынын білгіміз келеді. Айналамыздағы адамдар арасында өзіміз жайлы жағымды пікір қалыптастырғанды ұнатамыз. Ал сіз өзгелер үшін қандай адам болып көрінесіз? Білгіңіз келе ме?

Ендеше психологиялық суретке үңіліп, көзіңізге бірден түскен ағашты таңдаңыз.


Өзіңізге ұнаған ағашты таңдасаңыз, сипаттамасын төменнен оқыңыз.

№1 Ағаш

Сізді өзгелер жұмсақ, биязы мінезді адам ретінде таниды. Жүрегіңіздің нәзіктігі, жаныңыздың мейірімділігі айналаңыздағы адамдарға ұнайды. Өзгелерге нағыз қорған бола алатын, қиын сәтте жақындарының жанынан табылатын жан екеніңізге өзгелер сан мәрте рет көз жеткізген. Сол себепті ортаңызда сыйлысыз, құрметтісіз. Сіз барлығына керексіз. Өйткені, әлем сіз сияқты мейіріміді жандарға зәру. 

№2 Ағаш

Сізді өзгелер үшін әрдайым көңілді жүретін, мұңаюды білмейтін, айналаңыздағыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын адам ретінде таниды. Сіздің жаныңызда жүріп, сізбен бір сағат сырласқан адам барлық мұң-мұқтажын ұмытып, сіз сияқты өмірге позитивті көзқараспен қарай бастайды. Оы мінезіңіздің арқасында достарыңыз өте көп. Сіз адамдарды атақ-дәрежесіне, шыққан тегіне қарай алаламайсыз. Адамдардың барлығы тең. Сізді ең алғаш көрген адам "қандай бақытты, көңілді жан" деп таңданып жатады. Сіз жемісін төккен ағаштай, керемет адамсыз.

№3 Ағаш

Неткен қарапайым адам! Мына заманда осыншалық қарапайым адамдар бар ма? Сіз туралы өзгелер осылай ойлайды. Сіздің қарапайым мінезіңіз өзгелер үшін жұмбақ. Тұйықтығыңызды да өзгелер түсінбей жатуы мүмкін. Қолыңызда ақшаны уыстап ұстап жүрсеңіз де қарапайым киініп, қарапайым болып жүргенді жақсы көресіз. Кейде "тым қарапайым болмасаңшы!" деп ақыл айтып жататындар да жоқ емес. Дегенмен, өзгелер үшін сол қарапайымдылығыңызбен ерекшесіз.

№4 Ағаш

Сізді өзгелер шыдамсыз, мазасыз, айтқанын істетпей қоймайтын, өздігімен жүретін жан деп ойлайды. Шындығында да солай... Басқа адамдар өздерін сіздің жаныңызда еркін ұстай алмайды. Өйткені сізде лидерлік мінез басым. Мазасыздығыңыз бен істің нәтижесіне бірден қол жеткізгіңіз келетін қасиетіңізді өзгелер бірден қабылдай қоймасы анық. Дегенмен сіздің сөзіңіз өтімді болғандықтан, бұл қасиетіңізді жақсы қабылдап жатады. Сіз үшін бір орында тұрақтап қалу қиын. Әрдайым өзгерісті қалайсыз. 

№5 Ағаш

Сіздің мінезіңіз өзгелер үшін түсініксіз. Өйткені күліп отырып мұңая саласыз, мұңая отырып қуануыңыз тез. "Жұмбақ жан" деген тіркес сізге қаратыла айтылса керек. Қазір бір істі бастап отырып, екінші бір іске ауысып кетуіңіз мүмкін. Сіздің мінезіңіздің  адамдарға беймәлім қырлары өте көп. Жағыну, жалпақтау дегенді мүлдем білмейсіз. Бүгін айтқан ақылыңызға ертең өзіңіз қарсы шығуыңыз мүмкін. Кейде өз-өзіңізді де түсінбей қалып жатасыз. 

№6 Ағаш

Дәл осы ағашты таңдаған адам өзгелердің көзіне сүйкімді болып көрінеді. Өте тартымды жандар. Сөйлеген сөзімен, өз-өзін ортада дұрыс ұстауымен ерекшеленеді. Өзгелер сізге "өте мәдениетті" деп баға беріп жатады. Иә, мәдениетті екеніңіз рас. Ақсүйектерге тән қасиетіңіз бар. Өзіңізді жоғары бағалайсыз. Айналаңыздағы адамдар әрдайым Сіз туралы тек жағымды пікірлер айтады. 





Жаттығу: «Мен саған сенемін»

Әуен ойнап тұрады. Жұп құрып, бір- бірінің көздеріне қарап отырады. «Мен саған сенемін …» өйткені сен жақсы адамсың.




Тест: «Қолшатыр» 


Жоғарыдағы суреттен көзіңізге бірден түскен немесе өзіңізге ұнаған қолшатырды таңдап, сипаттамасын оқыңыз. Сіз таңдаған қолшатыр мінезіңіздің қандай екендігінен хабар береді. Ендеше, іске сәт!



№1 қолшатыр назарыңызды аудартса:

Сіз ешқашан жүрегіңіздің үніне құлақ аспайтын жансыз. Бәлкім өміріңіздің бір кезеңінде жүрегіңіздің айтқанын тыңдап, опық жеген боларсыз. Содан бері мәселелерді тек ақылмен шешесіз. Ақылыңыз сізді ешқашан адастырған емес. Әр істің тура жолын оңай табатын адамсыз.

Егер №2 қолшатырды таңдасаңыз:

Сіз уақыт көшінен оза жүретін жансыз. Әрдайым жаңалыққа жаныңыз құмар. Ешкімнің ойына кіріп шықпайтын идеяларды жүзеге асырып жүресіз. Киім кию үлгіңіз де өзгелерге ұқсамайды. Басқалар үшін батыл қадам болып саналатын іс-әрекеттер сіз үшін үйреншікті. Өйткені сіз өзгелердің тісі батпайтын шаруаларды әп-сәтте тындыра аласыз. Сіздің қолыңыздан барлығы келеді.

№3 қолшатыр ұнаса:

Сіз өзгелердің назарын аудартқыңыз келмейтін жансыз. Сіз тек туыстарыңыз бен жақындарыңызға ғана ашыла сөйлейсіз. Эмоцияңызды өзгелерге білдіртпесеңіз де өте мейірімді екеніңізді жақындарыңыз жақсы біледі. Сырт көзге суық көрінетін жүзіңіздің ар жағында жылулық барын сезген әрбір адам сіздің адал ниетіңізге тәнті болары анық.

№4 қолшатырға таңдауыңыз түссе:

Сіз өмірде майда-шүйде мәселелерге бас қатырмайтын адамсыз. Өмірдің әрбір сәтін бағалай алатын қасиетіңіздің арқасында көптеген жетістіктерге жетесіз. Кішкене жолыңыз бола қалса, арқаңызды кеңге салып, көп мақтанып кететін қасиетіңіз бар. Бірақ сіз үшін ол да маңызды емес. Барлығына қолыңызды бір сілтеп, тек өз мүддеңіз үшін ғана өмір сүресіз.

№5 қолшатырды таңдасаңыз:

Сіз арманшыл адамсыз. Айналаңыздағы әрбір құбылыстан ғажайып іздейсіз. Сіз үшін шығармашылықпен айналысып, өз қабілетіңізді арттыру маңызды. Өмірдегі ғажайыптардың сырын ұғуға талпынасыз. Көп ойланатындықтан, жүзіңіз аздап шаршаңқы көрінуі мүмкін. Алайда, сіз көңілді жүретін жандардың қатарынансыз.

№6 қолшатырды көзіңізге түссе:

Сіз сөйлеу шеберлігіңізбен, өзіңізді ұстауыңызбен өзгелерді тарта аласыз. Адамдардың ортасында көшбасшылық қасиетке иесіз. Барлығы сіздің ақыл-кеңесіңізге жүгінеді. Және сіздің берген кеңесіңіз пайдаға асып жатады. Сол себепті адамдар сізді сыйлайды. Өкініштісі, өзгелерге айтқан ақылыңыз өзіңізге жүрмей қалады. Қиын сәтте қам жемеңіз, сіз бәрібір тығырықтан шығудың жолын жақсы білесіз.












Әкімшілікпен жұмыс



Жүргізілетін

 мерзімі


1


Психодиагностика  нәтижелерімен  таныстыру     және оны  талқылау


Балабақша     жоспарына сәйкес


2


Жүргізілетін  психодиагностикаларға   анықтама     беру


Жыл бойы


3


Педагогикалық  кеңестерге     жұмыстар  дайындау  және оған қатысу


Жыл бойы


4


Әкімшіліктің  сұранысы     бойынша, туындаған     проблемаларды  шешуге  қатысу


Жыл бойы


5


Сұраныс  бойынша     туындаған  жерде  кеңес     беру  және  ағарту     жұмыстарға  қатысу


Жыл бойы







Балабақшадағы  педагогикалық кеңестерде  өткізілетін жұмыстар


Жүргізілетін

 мерзімі


1


«Балалардың  балабақшаға психологиялық бейімдеуі»



Қыркүйек


2


Жаттығу: «Балабақша тәрбиешісі»


Қаңтар


3



Жаттығу: «Ғажап бау-бақша»


Наурыз


4



«Мектепке  дайындығының  диагностикалық  психологиялық  нәтижелері»



Мамыр






Жаттығу «Балабақша тәрбиешісі»










Творческое задание «Прекрасный сад»


Описание упражнения: Участники сидят в кругу. Ведущий предлагает вспомнить какой цветок детства в ладошках они представляли в предыдущем упражнении. Каким он был? Какие листья, стебель, а может быть шипы? Высокий или низкий? Яркий или не очень? А теперь, после того, как все представили это – нарисуйте свой цветок, напишите что-то важное на лепестках, что поможет вам быть счастливыми. Всем раздается бумага, фломастеры, мелки, клей, бусины.

Далее участникам предлагается вырезать свой цветок. Затем все садятся в круг. Ведущий расстилает внутри круга полотно любой ткани, (можно использовать ватман и клей) желательно однотонной, раздает каждому участнику по булавке. Ткань объявляется поляной сада, которую нужно засадить цветами. Все участники по очереди выходят и прикрепляют свой цветок.

Обсуждение: Предлагается полюбоваться на «прекрасный сад», запечатлеть эту картинку в памяти, чтобы она поделилась своей положительной энергией. Заметить, что хоть и много цветов, но всем хватило места, каждый занял только свое, то, которое выбрал сам. Увидеть, в окружении каких разных, непохожих на других растет твой. Но есть и общее - у кого-то окраска, у кого-то размер или форма листьев. И всем без исключения цветам нужно солнце и внимание. Эта полянка символизирует о том, что душа каждого педагога всегда полна прекрасными цветами.

Психологический смысл упражнения: оно используется для психологического сброса внутреннего напряжения, служит для изучения чувств, для развития межличностных навыков и отношений, укрепления самооценки и уверенности в себе. Упражнение позволяет понять и ощутить себя, быть самим собой, выразить свободно свои мысли и чувства, а также понять уникальность каждого, увидеть место, которое занимаешь в многообразии этого мира и ощутить себя частью этого прекрасного мира.


Похожие публикации:

16 февраль 2022 Қыс қызығы
08 ноябрь 2018 Бала бақша