Ата-аналармен жұмыс 2021-2022жыл » ГККП Ясли сад № 52
Алматы қаласы білім басқармасының
"№52 бөбекжай-балабақшасы"
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
Меңгеруші:
+7(727) 338-20-42
Әдіскер:
+7(727) 268-90-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ата-аналармен жұмыс 2021-2022жыл
17
февраль
2022

Ата-аналармен жұмыс 2021-2022жыл




Ата-аналармен жұмыс


Жүргізілетін 

мерзімі


1


Кеңес:

 «Баланың балабақшаға бейімделуі»



Қыркүйек 


2

Ата-аналарға кеңес
 
«Дәстүрлі емес
 техникамен сурет салу»


Қазан 


3


Тест: 

«Мен және менің балам»


Қараша 


4

Кеңес: 

«Балам ынжық

деп кейімеңіз»


Желтоқсан



5


Тренинг: 

«Ананың алақаны-балаға айдынды қоныс»


Ақпан


6


Диагностика  нәтижелері     бойынша  кеңес  беру


Сәуір


7


Кеңес:

 «Баланы мектепке қалай дайындау керек?»



Мамыр 





Кеңес:

«Баланың балабақшаға бейімделуі»











Кеңес:«Баланың балабақшаға бейімделуі»
 Баланы балабақшаға беру немесе бермеу жағдайына жалпы жанұяның жайлылығы, барлық жанұя мүшелерінің эмоциялық күйі, ата-ананың өзін-өзі бағалауы және жанұяның маңызды мәселелері байланысты.
 Мәселенің психологиялық жағы: болып жатқан өзгерістерге бейімделу бұл балаға да, ата-ана үшін де қиын.
 Соңғы жылдары қоғамда бала тәрбиесіне көзқарас өзгерді, бұл мектепке дейінгі мекемелердің бала өміріне қатынасына байланысты болды. Қазіргі уақытта барлық қоғам мүшесі балаларына өзара іс-әрекет формасы мен әдіс тәсілдерін өздері таңдайды. Сонымен бірге көпшілік ата-ананы бала үшін балабақша қажет пе?- деген сұрақ толғандырады. «Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеленген бала мектепке тез бейімделеді, әлеуметтік қатынасқа жақсы түседі, құрдастарымен қарым-қатынаста тәжірибе жинақтайды және мектепке келгенде осыған сүйенеді»,- деген түсінік қалыптасқан. Сондықтан құрдастарымен қатынастарда қиындыққа ұшыраған балалары бар ата-аналар балабақшаға барса, бұл қиындықтан шығады деп үміттенеді. Балабақшаның мүмкіндігін жоғары бағалау да- қателік.
 Балабақшаға бейімделген бала саны көп емес. Көпшілігі түрлі қиындықтарға тап келеді. Оның ішінде балабақшаға бару кей балада қорқыныш, үрей тудыруы да мүмкін.
 Балабақшаға психологиялық бейімделуі баланың жеке, жас ерекшеліктеріне және тағы да басқа факторларға байланысты. Оның алғашқысы және маңыздысы баланың анасынан және жанұясынан ажырауға психологиялық дайындығы, өйткені үйренген байланыстан ажырау және жанұядан тыс жерде ересектер және өзге балалармен жаңа қарым-қатынас орнату бала үшін қиындық тудырады.
 Ересектердің назары өзінде болғанына үйренген баланың «көп ішіндегі бір бала» екендігіне көнуі және өз қажеттіліктері үшін, өз күшін жұмсап күресуі қажет болады. Бұл өзінің қажеттілігі бірінші орында тұратын және ата-ана айтқан бойда, автоматты түрде қанағаттандыратын жанұядағы жағдай емес. Тіпті кейбір ата-аналар ойлағандай балабақша – бұл ұялшақтықтан құтқаратын «дәрі» емес, бұл бала үшін өз бетінше өмір сүру тәжірибесіне дайындық – қиындықтарды жеңу, өзге балалармен қарым-қатынас орнату, жалпы психологиялық «жетілуге» сынақ боп табылады.
 Балаға балабақша керек пе?- деген сұраққа жауап беру үшін негізгі оң жақтарын айтайық. 
Жанұядағы тәрбиемен салыстырғанда балабақша балаға не береді?

Негізінен балабақша өзге балалармен қарым-қатынасқа үйрену тәжірибесі және мектепке психологиялық дайындық болып табылады. Бірақ осы өз бетінше үйрену тәжірибесі бала үшін де, оны уайымдап жүрген ата-ана үшін де жағымды жағдай емес. Сонымен өзге балалармен қарым-қатынас үйренуде балабақша жалғыз мекеме боп табылмайды. Қазіргі уақытта мектеп жанынан шағын орталықтар ашылуда, бұл жерде бала тез бейімделуі мүмкін.
 Бірақ тәжірибе көрсетіп отырғандай баланы балабақшаға беруде ата-ана баланың жеке жас ерекшеліктеріне емес, өз қажеттіліктеріне сүйенеді (жұмыс, өзге де жанұялық жағдайлар т.б). Соның салдарынан ата-ана басты қателігін жасайды: бала бұл жағдайда психологиялық тұрғыдан қалыптаспай тұрып, ерте жастан, тез, жанұядан, үйден ажыратады. Бұл жағдайда балабақшаға бейімделу өте қиын жағдайда өтеді. Кейде балабақшадан бас тартуға тура келеді.
 Баланы балабақшаға психологиялық дайын екендігінің белгілері:
 — баланың өзге балалармен ойнауға, қызығушылығының болуы;
 — анасынан ажырауға баланың жағымсыз әсерінің болмауы;
 — баланың өз жақындарынан басқа ересек адамдармен қарым-қатынасқа дайындығы;
 — жаңа жағдайларда балада қорқыныш, үрейдің болмауы;
 — сұраса, балабақшаға барғым келеді,- деп жауап беруі.
 Енді баланың балабақшаға баруда күйзелісті азайту және бейімделуді жеңілдету факторларына тоқталайық.
 Балабақшаға қай жастан бару қажет? Балабақшаға дайын болу жасына толудың өзіндік шарттары бар. Бір балада бұл 2,5 жаста кей бала 4-5 жасты күту қажеттілігі болады. Әрине ата-ана бұл жасқа дейін күте алмайды. Бірақ баланың балабақшаға ерте жастан беруге тәжірибе ретінде қарау және жағымсыз салдарға да дайын болу қажет.
 Балабақша тандауда әртүрлі жанұя түрлі басымдықтарға қарайды. Бірі мемлекеттік, бірі жеке балабақшаны қалайды.
 Балабақшаның жақын болуы біреулер үшін маңызды, біреулер үшін маңызды емес. Бір ата-ана баланы жақсы дамытатын бағдарламасына қараса, бірі тек жайлы қарым-қатынас жасаса болды,- дейді. Бірақ барлығы, тәрбиеші жақсы болуына мүдделі. Бірақ «жақсы» түсінігі әркімде әрқалай, кей ата-ана қатаңдықты, кейбірі жұмсақ, әрі баланың тентектігіне мейірімділікпен қараса,- дейді.
 Балаға балабақша тандағанда таныс адамдар мен өзге ата-аналардан мәлімет жинақтаныз. Бұл жақсы нұсқа тандауға көмектеседі. Содан соң міндетті түрде балабақшаға барып, ұзағырақ уақыт өткізіңіз. Ұсақ-түйекке көңіл аударыңыз, әкімшілік ата-ананы қалай қарсы алады, ұсыныс-тілектерге қаншалықты назар аударады. Тәрбиешілердің балалардың серуенде жүргендегі қарым-қатынасына қараңыз. Балаңыз баратын топтың тәрбиешісімен әңгімелесіңіз. Бұл жерде балаға тиімді қолайлы қатынас табуға көмектесетін, негізгі әсер ететін фактор- тәрбиешінің баланың жеке жас ерекшеліктерімен санасуы және оның педагогикалық тәжірибесі.

Балабақшаға дайындық
 Баланы балабақшаға, тәрбиешілерге үйрету үшін, алғашқы кездері баланы тек балалармен серуендеуге әкеліп, одан соң жарты күн, кейін күндізгі ұйқыға қалдыру қажет. Бұл жағдайға балабақша әкімшілігі түсіністікпен қараса, барлық жағдайда балаңыздың қажеттілігі ескерілетіндігін білдіреді.
 Балабақшаға бейімделу – бұл баланың балабақшаға үйрену мерзімі. Бұл мерзімде балада үйден кеткісі келмеу, балабақша талаптарына қарсылық білдіру, қықырлық көрсету, ызалану немесе тұйықтық, балабақша қызметкерімен қарым-қатынасқа түсуден бас тарту әсерлері байқалады. Сонымен бірге ата-анамен қоштасу кезінде анасының қолын жібермей жылаған бала, анасы кеткен соң тәртібі өзгереді- бала тынышталып анасы туралы есіне алмайды.
 Бұл неге көрініс табады? Бұл бала бойындағы үйден алыс кетіп, жаңа ортаға, үйреніспеген жағдайға түсуге күйзеліс әсері: Балабақшаға бейімделу кезеңі баланы күйзеліске ұшыратуы мүмкін, өйткені бала өмірінде көп жағдай өзгереді. Оған қарым-қатынас түрі, бала құқығы өзгереді, жаңа міндеттер пайда болады. «Жалғыз және қайталанбас» баладан «көптің бірі» болуға үйрену оңай емес, бұған уақыт және баланың жоғары бейімделу қабілеті керек. Шартты түрде бұл кезең 2-3 айға ұласады, бірақ әр баланың жеке дара ерекшеліктеріне байланысты бейімделу кезеңі 2-3 аптадан кейін басталуы да мүмкін.
 Бұл кезеңнің аяқталу белгісі: баланың жағдайының, көңіл-күйінің тұрақтануы болып табылады. Балалар жаңа ережелерге, бір-бірімен сыйластыққа үйренеді. Бастапқыда бұл қарым-қатынас жанжалдан басталып, содан соң жөнге келеді.
 Бұл қиын кезеңді баламен бірге ата-ана да өткереді, сондықтан ата-ана бұл баланың тәртібінде, іс-әрекетінде жағымды өзгерістер бар ма біліп отыру керек.
 Міндетті түрде тәрбиешіден балаңыздың сіз кеткеннен кейін қалай жүретіндігін сұраңыз. 
Өзге адамдардың пікірін тыңдаңыз. Негізінен бала тәртібі балабақшаға кім апарып, әкелгеніне байланысты өзгере ме? Егер солай болса – бала қыңырлығы және қиналуы нақты адамға байланысты болса, мысалы: мамасы немесе әжесі, онда олардың өздерінің жеке уайымдары мен үрейлері баланың балабақшаға бейімделу кезеңін қиындатып жатқан жоқ па? деп ойлануы керек.
 Баланың балабақшаға бейімделу кезеңі ата-анаға да қобалжу әкелетінін түсінуі керек. Кей сәттері олар баладан да артық күйзеледі. Сондықтан жанұя мүшелері өз сезімдерін бақылап, негізін түсініп отыруы қажет.
 Балабақшаға баланы бергенде анасы не сезеді?

— Менің балама менсіз қиын шығар?
 — Тәрбиешілер балама толық көңіл аудара ма?
 — Балам қиналса көмектесе ме, жұбата ма?
 — Бекер берген жоқпын ба?
 — Менің өзіме де қиын болды-ау?
 Ана баласын бауырына тартып, өзінің қасында ұзағырақ ұстауға тырысуы, баланың балабақшаға бейімделу кезеңін ұзартып жіберуі мүмкін. Анасы үшін бала өзінің жалғасы сияқты, ол өз сезімдерін балаға «көшіріп», өз күйзелісі мен бала күйзелісін араластырады. Ана өзі ішкі сезімдерін реттеу жұмыстарын жүргізіп, баланы өзінен эмоциялық тұрғыдан ажырату керек. Балабақшаға барған баланың анасына баласының өзіне тәуелді болмай, дербес бола бастағанына, анасының махаббаты мен бауыр басуын қатты қажет етпейтіндігіне үйренуі керек.
 Ата-ана не істеу керек? Балабақшаға барғанда баламен қоштасу қысқа мерзімді болуы керек. Бала жылап, анасына ұмтылса да, беттен сүйіп, қол бұлғауға үйрету керек. Бұлай жасай келе, сіз баланы артық уайымнан құтқарасыз.
 Балабақша туралы баламен әңгімелескенде, онда көп нәрсе үйренуге, баланың және тәрбиешісімен достасуға болатындығын айту қажет. Ата-ананың сенімділігі, жайлылығы балаға сенімділік берері сөзсіз. Бала балабақшаға барудан «құтылуға» болмайтындығына көзі жеткен соң, қарсыласуын қойып, өз өмірінің бір бөлшегі ретінде қарайды. Үйдің жайлы және әдеттенген атмосферасына ажырап, ол балабақшадан қажеттілігін және жағымды жақтарын тауып, өзге адамдармен, тәрбиешілермен балалармен жақсы қарым-қатынасқа түсуге үйренеді. Бала осы жаңа жағдайға қызықса, үйден алыстағанда қиналмайтын болады.
 Анасы мен жанұя мүшелері «баланың жанұядан ажырауын және оның әлеуметтік ортаға шығуын» уайымдамай тыныштанса, бала да тез тынышталады.
 Кей жағдайларда ата-ана дұрыс іс-әрекеттер жасаса да, бала балабақшаға бейімделуі ұзақ уақытқа созылады. Бала жиі ауырады, ұйқысы бұзылады, тамақ алысы нашарлайды. Балабақшада бұрышта тұрады, балалар арасында «бөтен» және тәрбиешілер үшін «жүктеме» тіпті бала, қорқақ, үрейленгіш болады. Анасы кеткеннен соңғы жылау және қиналу күні бойы созылады. Бұндай бала өзге балалармен қарым-қатынасқа түспейді, кейде тәрбиешілерден де оқшауланады. Оның іс-әрекеті екі жақтың ортасында қалған: үйден ажырап, бірақ балабақшаға үйренбегендей болады. Нәтижесінде бала өзін бәрі тастап кеткен, бақытсыз жалғыз қалғандай сезінеді.
 Бұндай іс-әрекет бала психикасында бұзылыс бар деген сөз емес, тек бала балабақшаға дайын еместігін білдіреді. Мінезіндегі жеке дара ерекшеліктері – ұялшақтық, тұйықтық – балабақша қызметкерлері тарапынан жеткілікті психологиялық қолдау көрсетілмеуі балабақшаға бейімделуге кедергі келтіреді. Кей жағдайларда тәрбиеші бұндай «ерекше» балаларға қолайлы қатынас таба алмайды. Бұл педагогикалық тәжірибе және баланың өмірін жеңілдетуде ынталандыру себептерінің жетіспеушілігінен болуы мүмкін.
 Бұл жағдайда ата-ана ұстаған «Барлық жолмен балабақша» ұстанымы қате, бала болашағына еш көмегі болмауы, бала мен ата-ана арасындағы сенімді алшақтатуы мүмкін. Бала ата-анасының өз күйзелісімен санаспайтынын, ең жақын адамдары «қиыншылықта тастап кетуін» жалғыздықты сезінуіне байланысты көмекке келмеуін уайымдайды. Бұл жағдайда ең дұрысы- баланы балабақшадан ажырату.
 Баланың балабақшаға бейімделу мәселесі туралы анасы бала психологымен ақылдасып алғаны жақсы. Әр кез ата-ана баламен болып жатқан жағдайлардың себептерін толық талдай алмайды, бұл жерде тәрбиешіні себепсіз кінәлап, баланың психикалық жағдайына күмәнданбаған дұрыс. Бұл жерде мәселе: осы уақыттағы бала баратын балабақша талаптарына, осы уақыттағы баланың жеке дара ерекшеліктері сәйкес емес екендігі туралы сөз болуы керек. Ең бастысы, ата-ана баланың балабақшаға бейімделуіне өз ықпалы бар екенін түсінуі тиіс. Балабақшаға бейімделу мәселесі мерекеден, демалыстан және жанұяның ішкі жағдайлары өзгергенде (анасы іс-сапарға кеткенде, сәби дүниеге келгенде және т.б жағдайларда) қайта жалғасуы мүмкін. Бұл жағдайларда бала қажеттілігін жанұяда қалыптасқан тәртіпті бұзбай қанағаттандырып отыру қажет: балабақшада қалу уақытын азайтып, апта арасында үзіліс ұйымдастырумен шешуге болады. Толықтыра айта кетсек: әрбір туындаған мәселелер бірдей болуы мүмкін, бірақ одан шығу жолдары әр ата-анада өзгеше.
 «Баланы балабақшаға дайындау және бейімдеу»
 Әл – Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның бар өміріне апат әкеледі» дегендей, балаға ерте жастан дұрыс тәрбие берілуі керек. Бала негізгі тәрбиені отбасынанда ата-анасынан алады, ал баланың жалпы жеке тұлға боп қалыптасу кезеңі мектепке дейінгі кезеңде басталады. Сондықтан баланың дұрыс дамуына игі ықпал ету ата-ана мен тәрбиеші педагогтердің басты міндеті. Балабақшаға жаңадан келген бала жаңа жағдайға, басқа ортаға қалай бейімделеді?
 Кейбір балаларда балабақшаға бейімделу көбінесе қиын және ауыр өтеді. Ата-ана баласын балабақшаға орналастырмас бұрын ондағы оқу мен тәрбие жұмысына, баланың жағдайына алаңдауы заңдылық. Ата-ананы «балабақшада бала көп жылайды, жиі ауырады» деген сөздер де мазалауы мүмкін. Балабақшаға барған алғашқы күндер-ақ бала мазасызданады. Өйткені, өзіне жақын адамдардың болмауы жанына батып, 2-3 күн өткен соң ауырып қалатын жағдайлары да кездеседі. Осындай жағдайларда кейбір ата-аналар тәрбиешілерді кінәлап жатады. Ал, ғалымдар сәбидің бөтен ортаға бейімделуін, үйіндегі ата-ананың баласын жаңа жағдайда алдын-ала дайындауына байланысты екенін айтады. Мысалы, бағбан ағаш егерден бұрын, оған орын дайындайды, содан кейін барып ағашты отырғызып баптайды, тамырына зиян келмеуіне көңіл бөледі. Оны ерекше күтімге алады. Сол сияқты баланың басқа ортаға бейімделуі, оның өмірінде кездесетін алғашқы күрделі кезеңнің бірі. Таныс емес адамдардың ортасында қалу бала үшін өте ауыр. Ол алғашқыда мазасызданып тіпті қашып кеткісі келеді, кейбір ата-ана баланың бұл қылығын түсіне алмай, баласын ұрып-соғып жатады. Бейімделу кезеңінде баланың ұйқысы бұзылып, тамаққа тәбеті болмайды. Үйге келгеннен кейін де анасынан айырылмай, ұйықтағанда жиі-жиі оянып тынымсызданады. Кейбір нәзік жанды балалар бұндай өзгерісті көтере алмай, ыстығы көтеріліп, ауырып қалатын кездері де болады.
 Осындай жағдайлардың алдын алу үшін, ата-ана баланы балабақшаға апармас бұрын алдын-ала дайындау ережелерін білу керек.
 Баланың күн тәртібін балабақшадағы тәртіпке қарай сәйкестендіріп, өзі киініп, өзі шешінуге дағдыландыру;
 Балаға ас дайындағанда әр түрлі көкөністер мен сүтті тағамдарды қосып, өзі тамақтанатындай дағдыға үйрету;
 Қандай тағамдарды жақсы көретінін, қандай тағамдарға аллергиясының барын және баласын қалай еркелететінін тәрбиешіге ескерту;
 Баласының қалай ұйықтайтынын, дәретке баруды қалай ататынын ескерту;
 Ата-ана баласын балабақшаға алып келген күні тәрбиешімен тығыз байланыс жасап, «Міне, сенің сүйкімді апайың, керемет достарың»-деп, тәрбиешімен таныстыру;
 Балабақшаның ережесінде жаңадан келген бала алғашқы күндері 2 сағатқа қалу керек, алайда кейбір ата — аналар өздерінің жұмыс тәртібін айтып, баланы күні бойы балабақшада қалдырады. Осының нәтижесінде күрделі және созылмалы мәселелер пайда болады. Әр балада бейімделу кезеңі әр түрлі өтуі мүмкін.
 Бейімделудің үш түрі болады:
 1). Жеңіл бейімделу – баланың мінез-құлығы 10 -15 күнде қалпына келеді;
 2). Орташа бейімделу — 1 айдың ішінде;
 3). Ауыр бейімделу — 2айдан 6айға дейін созылады;
 Баланың тез бейімделуіне қойылатын талаптар:
 Баламен тез қоштасып үйреніңіз.
 Балабақшаға алып келіп, көрінбей қашып кетпеңіз.
 Балаңызға ұнайтын қоштасу рәсімін ойлап табыңыз.
 Бастапқыда балабақшаға барғаны үшін мадақтап қойыңыз.
 Баланы алдамай, дұрыс түсінік беру керек.
 Баланың алдында барынша сабырлы, әрі ұстамды болуға тырысу керек.

Бала бірдеңені бүлдіріп немесе бір бұзақылық жасаса баланы жазаламау керек.
 Балабақша әкімшілігі бейімделу кезеңінің бала мен анаға аса ауыр тимеуі үшін, баланың да, оның ата-анасының да балабақшаны ұнатуына көмектесетін қарапайым ережелерді басшылыққа алған жөн.
 Егер, ата — ана баланың балабақшаға тез бейімделуіне қойылатын талаптарды нық орындап, балабақшаның іс-шараларына қоян-қолтық араласып, бала тәрбиесін жіті қадағалайтын болса, кез келген баланың балабақшаға бейімделуі жеңіл өтеді және өмірге бейімделуі де жоғары болады!








  • Ата-аналарға кеңес
  • «Дәстүрлі емес техникамен сурет салу».













Ата-аналарға кеңес 

«Дәстүрлі емес техникамен сурет салу».

Бүгінде жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, дүниетанымның қалыптасуына, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру- жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі.
 Оқу іс-әрекеттерін дәстүрден тыс үрдісімен өткізу балалардың білім сапасын арттырып қана қоймай, олардың шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамытады.Сондай үрдістің бірі балаларды дәстүрден тыс әдіс-тәсілдер арқылы бейнелеуге үйрету. Оқу іс-әрекет жүйесіне енгізілген дәстүрден тыс әдіс-тәсілдер балалардың бойында шығармашылық ізденіске деген құштарлықты арттырып өзіндік образ, өзіндік іс-әрекет жобасын құрауға мүмкіндік жасайды. Ал шығармашылық әрекет баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді.
 Қоршаған ортадан сұлулықты көріп қана қоймай, оны өз бетімен іздеуге ұмтылуға баулиды.

Бала кез келген әрекет барысында ғана емес, тек дамытушы әрекет барысында дамиды. Егер бала үлкендердің көрсеткенін қайталап қана отырса, мұндай әрекет репроджағдайларға белсенділікпен шығармашылықпен, қызығушылықпен уктивті қалыпта болғандықтан нәтижесі төмен болады. Керсінше, егер бала әр түрлі, ылғи өзгеріп отыратын қатысса, ол үнемі дамиды. Мысалы, алақан, саусақ, табандарымен, әртүрлі таяқшалар, жіптер, мәсуек, далаппен сурет салуды қызық көреді. Қарапайым нәрсенің жаңаша қызметін ойлап шығарып, оларды бейнелеу өнеріне жаратып, таңқаларлық сурет салуға қолдану-бұл сондай тамаша!
 Бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс түрлерінің ішінде «көкеніс бастырмасы», жіп графикасы, бір басылымды сурет (монотипия), граттаж сияқты «сиқырлы әдіспен сурет салу балаларға өте ұнайды.

Кішкентай суретшімен бірге, оның әдемі шыққан жұмыстарына ерекше көңіл бөлуге болады.
 Баламен бірге суретке байланысты қысқа әңгімелер мен ертегілер құрастыру
 Баланың қол жеткізген табысы туралы ата-анасына мақтаныш, сүйіспеншілікпен айту.Осының бәрі бала бойында табыстылық, жетістік сезімінің, өз-өзіне сенімділік пен сезімталдықтың дамуына әсер етеді және көркемдік-шығармашылық әрекетінің маңыздылығын айқындайды. Бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс әдістеріне байланысты әрекет екі бағыттың мазмұнын қамтиды.
 Қорыта айтқанда, көркем-шығармашылық әрекеті, бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс түрлері сурет салу мүмкіндігін арттырумен бірге баланың шығармашылық қабілеттілігін, қиялдауы мен ойлауын, жауапкершілігін, өз пікірін ашық айтуын, дербестігін –барлық қасиеттерінің ашылуы мен дамуына септігін тигізеді. Дәл осы қасиеттер бүлдірішін балалардың өмірдегі жетістік формуласының негізі болып табылады.

Ата-аналар мен тәрбиешілерге арналған баланың бейнелеу өнері бойынша қабілетін дамыт бойынша ұсыныстар. • әр бала өз қиялы мен жас ерекшелігіне қарай дүниеге көзқарасын білдіруге құқылы.
 • әрбір ізденім баланың алған әсерінен, көңіл-күйінен, қиялынан туады.
 • Қандай сурет салса да, неге салса да –баланың құқығы өзінде болуы керек. • Баланы әр суретті жеке және кешенде қолдана білуге үйрету • Басқа жақсы дүниелер әкелетін негізгі түрткі жақсы бағалау ғана болуы керек • Баланың жұмыс нәтижесін тек қана өзінің кешегі жұмыс нәтижесімен салыстыру керек, өзге баламен салыстыру қажет емес. • баланың әр суреті өзінше қайталанбас әрі өзіне ғана тән ерекше • Әр салынған сурет бір ерекше дүние, ондай әлі талай жасауға болады деп сендіру керек









 

 

 









Тест 

«Мен және менің балам»










Тест 

«Мен және менің балам»


Ата-ананың бала тәрбиесіндегі атқаратын ролі аса зор. Олар бала өмірінде «құрастырушылар, жобалаушылар және құрлысшылар» болып табылады. Бұл тест ата-аналарға бала тәрбиесіннің мәселелерін толықтырып, анықтауға көмектеседі.

1. Кез-келген уақытта барлық жұмысыңызды тастап, бала тәрбиесімен айналыса аласыз ба?

А) Жасай алам және әрдайым соны жасаймын.

Б) Жасаймын, бірақ керек кезінде ғана жасаймын.

В) Жасай алмаймын.

2. Балаңыздың жасына қарамай әр түрлі мәселемен бөлісе аласыз ба?

А) Жасай алам және әрдайым соны жасаймын.

Б) Жасаймын, бірақ керек кезінде ғана жасаймын.

В) Жасай алмаймын.

3. Балаңыздың қателерін айта аласыз ба?

А) Жасай алам және әрдайым соны жасаймын.

Б) Жасаймын, бірақ керек кезінде ғана жасаймын.

В) Жасай алмаймын.

4. Өзіңіздің қателегіңіз үшін балаңыздың алдында кешірім сұрайсыз ба?

А) Жасай алам және әрдайым соны жасаймын.

Б) Жасаймын, бірақ керек кезінде ғана жасаймын.

В) Жасай алмаймын.

5. Балаңыз сізді ашуландырса, өз-өзіңізді ұстай аласыз ба?

А) Жасай алам және әрдайым соны жасаймын.

Б) Жасаймын, бірақ керек кезінде ғана жасаймын.

В) Жасай алмаймын.

6. Өзіңізді балаңыздың орнына қойып көрдіңіз бе?

А) Жасай алам және әрдайым соны жасаймын.

Б) Жасаймын, бірақ керек кезінде ғана жасаймын.

В) Жасай алмаймын.

7. Бір минутқа болсын өзіңізді сиқыршы болып елестете аласыз ба?

А) Жасай алам және әрдайым соны жасаймын.

Б) Жасаймын, бірақ керек кезінде ғана жасаймын.

В) Жасай алмаймын.

8. Баланың көңіліне келетін ауыр сөздер айта аласыз ба?

А) Жасай алам және әрдайым соны жасаймын.

Б) Жасаймын, бірақ керек кезінде ғана жасаймын.

В) Жасай алмаймын.

9. Балаңызды арманын оның жақсы тәртібі үшін орындай аласыз ба? А) Жасай алам және әрдайым соны жасаймын.

Б) Жасаймын, бірақ керек кезінде ғана жасаймын.

В) Жасай алмаймын.

10. Балаңыз үшін бір күнді бөліп, оның қалағанын, ойына келгенін істете аласыз ба?

А) Жасай алам және әрдайым соны жасаймын.

Б) Жасаймын, бірақ керек кезінде ғана жасаймын.

В) Жасай алмаймын.

11. Балаңыздың өтінішіне, көз жасына, еркелігіне шыдай аласыз ба? А) Жасай алам және әрдайым соны жасаймын.

Б) Жасаймын, бірақ керек кезінде ғана жасаймын.

В) Жасай алмаймын.

12. Өзіңіздің әділетсіздігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрай аласыз ба?

А) Жасай алам және әрдайым соны жасаймын.

Б) Жасаймын, бірақ керек кезінде ғана жасаймын.

В) Жасай алмаймын.

«А» болса онда - 3 ұпай, «Б» болса онда – 2 ұпай, «В» болса онда – 1 ұпай.

Тест қорытындысы

Жауап: «А» болса онда - 3 ұпай, «Б» болса онда – 2 ұпай, «В» болса онда – 1 ұпай.

Егер сіз 27-ден – 36-ға дейін ұпай жинасаңыз, онда сіз үшін балаңыз өміріңіздің мәні де сәні. Сіз балаңызды тыңдап қана қоймай, оны түсініп, оған сыпайылықпен қарап, ылғи да оны қолдап, сіз балаңызды тәрбиенің озық ұстанымдарын ұстайсыз. Басқа сөзбен айтқанда сіз дұрыс істейсіз және бұдан жақсы қорытынды шығады деп сеніңіз.

Егер 13-тен 27-ге дейін ұпай жинасаңыз. Сіз үшін бала қамқорлығы маңызды болып санала ма? Сіздің бойыңызда тәрбиешінің қабілеті болғанмен сіз оны аса қолданбайсыз. Сіздің тым қатал немесе ақкөңіл болғаныңыз бен, жүргізетін тәрбие жұмысына кедергі жасайды. Бала тәрбиесіне шын көңіл бөлу үшін аса ойнануыңыз қажет.

Егер 13 ұпай болса. Сізде баланы тәрбиелеуде үлкен қиындықтар туындайды. Балаңызды жеке тұлға ретінде тәрбиелеуге қабілетіңіз немесе мұршаңыз жоқ. Мамандардың және педагогтар мен психологтың кеңесін алуыыңыз қажет немесе жанұя тәрб


















Кеңес: 

«Балам ынжық» деп кейімеңіз

























 «БАЛАМ ЫНЖЫҚ» ДЕП КЕЙІМЕҢІЗ

Бала бір жаста болса да ата-анасының өзіне қандай үміт артып, сенім білдіре алатындығын жақсы сезеді. Сондықтан, оның әлі де кішкентай екендігін ескеріп, одан АЗАМАТ шықсын десеңіз, ұлыңызға қолдау қажет.

«Әлі бала ғой, нені түсіне қояр дейсің?» деген дүдәмалдық, немқұрайдылықты да бойыңыздан сылып, ойыңыздан алып тастағаныңыз дұрыс.

Себебі, баланы неғұрлым кішкентайынан түсінуге тырыссаңыз, соғұрлым сізге жақын болады, ашыла түседі. Ынжықтық мінез-құлқынан ада болады.

Ынжықтық дегеніміз қорқақтықтан бастау алады. Яғни, бірдеңені дұрыс жасамағанын бала да түсінеді, егер ата-анасының бірі оған жекіп, қателігі үшін жаза қолдануға дайын тұрса бала қорқа бастайды. Бүлдіріп қойған ісі үшін емес, ата-анама ұнамай қалдым деген қорқыныш.

Сізге арқа сүйеп, қорғаны бар екендігін сезінге баланы үнемі қолдаудан жалықпаңыз. Егер де бала сіздің айтқаныңызды түсінбей қалып, қорқа бастаса, ұрмаңыз. Әкесіне де шағымданбаңыз. Бұның барлығын естіп отырған баланың бойын қорқыныш жеңеді. Нені қалай жасау керектігін білмей, ойы шатасып, кішкентай ғана санасы ештеңеге жетпей қиналады.

Балаңыз сіздің сүйікті ыдысыңызды сындырып алса да оның жүрегін ұшыра айқайламаңыз. Ол кезде ол да бірдеңені бүлдіргенін және оның сізге ұнамайтынын түсінеді. Ал сіз сол сәтте сол қымбат бағалы ыдысыңыздан балаңыздан сіз үшін бәрінен артық, бәрінен қымбат екендігін балаға білдіруіңіз керек.

Қалай дейсіз ғой? «Бір жеріңді ауыртып алмадың ба?» деп оны бауырыңызға тартып, «мына сынған шыны сенің бір жеріңді кесіп кетуі мүмкін» деп келесіде ондай заттарды ұстамауын ескертіңіз.

Егер баланы бір іске жұмсасаңыз, ол дұрыс жасамаса, ашуға бой алдырмаңыз. Мәселен, сіз балаңызға доп алып кел десеңіз, балаңыз оның орнына шар алып келсе, онда ол ойыншықтардың атын жаттап үлгермеген. Ондай кезде баланы жазғырмаңыз. Керісінше онымен екінші рет өзіңіз барып, «балам, доп деген мынау, ал сенің әкелгеніңді шар деп атайды» деп түсчіндіру керек. Балаға ұрыспай түсіндірген сайын таным-түйсігі арта түседі. Оған қоса, ата-анасының махаббатын сезінеді.

Ұлыңыз не қызыңыз берілген тапсырманы дұрыс жасамаған кезде, мысалы, сурет салмай, қағазын шимайлап тастаса, «ештеңе етпейді, бұл да жаман нәтиже емес. Келесі жолы бұдан да жақсы жұмыс жасайсың» деп баланың бойына сенімділік ұялатыңыз. Баланы кішкентай жетістігі үшін де мақтап-мадақтап қойыңыз. Әкесіне айтып мақтаныңыз. Сіз үшін болмашы нәрсе көрінгенімен, бала үшін үлкен болып көрінеді. Сондықтан, оның еңбегін бағаласаңыз, ата-анасын қуантқаны үшін баланың да өзіне көңілі толады. Келесіде ата-анасын қуанту үшін барын салады.

Балаңыз өзіне берілген тапсырманы орындай алмай қалғанда жігерлендіріңіз. Баланы қазірден «қолыңнан түк келмейді» деп жазғыратын болсаңыз, ол да өзін солай таниды. «Менің қолымнан ештеңе келмейді» деп өзін төмен санай бастайды. Балаға ең жақын адам ана болғандықтан, ананың айтқан сөзі ақиқат болып түйіледі. Егер сіз балаңыздың құлағына «сен мықтысың», «сенің қолыңнан бәрі келеді» деген сөздерді құйып отырсаңыз, болашақта балаңыз ержүрек болып өседі. Өзгелер «сенің қолыңнан келмейді екен» деп қанша айтса да дегеніне жетпей қоймайтын табанды, қайсар болып өседі.

Жиі тыйым салып, ескертумен өскен бала мықты тұлға болып қалыптаса алмай қалуы мүмкін. Сондықтан, әр баланың өзінше дара тұлға екендігін ескеріңіз. Тұңғышыңызға қалай сөйлесеңіз, кейінгі балаларыңыз да үлкен бауырын солай сыйлап өсетін болады.





Тренинг: 

«Ананың алақаны-балаға айдынды қоныс»




















Тренинг: «Ананың алақаны-балаға айдынды қоныс»

Мақсаты:

1. Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру.

2. Тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің

жоғары екенін, баламен қарым – қатынасты

жақсарту

3. Тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен қарым – қатынасты жақсарт

Тренинг бағдарламасы.

  • І.Кіріспе
  • ІІ.Негізгі бөлім:
  • 1.”Мен үшін қымбат...”(Ой қозғау)
  • 2.”Бала деген кім?”(Ой қозғау)
  • 3.”Жүректен шыққан жылы сөз”:
  • А)”Мейірімділік шуағы”;
  • 4.”Ата аналарға арналған қимыл қозғалысты ойын
  • 5.”Қызықты сұрақтар ойыны,”
  • 6.Ата-аналарға арналған ситуациялық сұрақтар
  • 7.“Кеш қалмаңыз”
  • 8.Жаттығу “Тілек шырағданы”
  • 9.Ой толғаныс

І. Кіріспе бөлім:

- Сәлеметсіздер ме, құрметті ата – аналар!Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз.

Бүгін сіздермен өткізілгелі тұрғантренингтің тақырыбы: «Ананың алақаны –

балаға айдынды қоныс» деп аталады. Отбасы - өмірді кемеліне келтіреді, бақыт әкеледі. Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын .... адамның ең басты шаттығыболып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны.Екі адамның некелесуі толық отбасын құрамайды.Дүниеге шыр етіп нәресте келгенде ғана отбасы толық отбасы саналады. Қазіргі таңда ата – ананың бірінші мақсаты – қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу болып қалды. Бала – шағаның қамымен жүрген ата – ана бала тәрбиесіне де көңіл бөле алмай қалды. Ал бала тәрбиесі отбасынан басталады, қалыптасады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соныіледі» демекші жақсы – жаман әдеттерді бала отбасында үйренеді. Отбасындағы кикілжің ұрыстар баланың психикасына әсер етеді. Баланың мейірімді, еңбекқор, әдепті болып өсуі – отбасында жайлы , жақсы климаттың болуы. Баламыз өмірден өз орнын тауып, бақытты өмір сүрсін десек, бала тәрбиесіне көңіл бөлуді ешқашан естен шығармайық

  • «Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіз ата – аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге әкеліп, тәрбиелеп жатқан жоқсыз.
  • Сіздің отбасыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер, болашақ күрескер өсіп келеді»
  • А.С.Макаренко


ІІ.Негізгі бөлім
 1.“Мен үшін қымбат..”
 


  • 2.“Бала деген кім?”
  • туралы әрбір ата-ана ой қозғау жазады

Жүректен шыққан жақсы сөз


Ғалымдардың айтуынша,

баланың таңертеңгі ұйқыдан қандай көңіл – күймен тұруы –

бүкіл бір күндік көңіл – күйіне әсер етеді екен.


Ата-аналарға арналған қимыл қозғалысты ойын

  1. Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру
  2. Журнал бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламадан тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап, қарап жүресіз бе?
     «иә» десеңіздер – қолдарыңызды шапалақтаңыз.
     «жоқ» десеңіздер – аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар.
     2. Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата-ана (жанұя) бірдей ықпал жасай ма?
     — егер «жанұя» десеңіздер- жымиыңыздар.
     — егер «қоршаған орта, қоғам» десеңіздер қолымызды алдыға созамыз.
     3. Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?
     — егер «әке» десеңіздер – қолды шапалақтаңыз,
     — егер «шеше» десеңіздер – қолды бұлғаймыз.
     — егер «екеуі» десеңіздер – орнымыздан тұрамыз
  3. «Қызықты сұрақтар» ойыны.
     1. Балаңыздың туған күні?
     2. Топ тәрбиешісінің толық аты-жөні?
     3. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
     4. Балаңыз қандай өлшемде аяқ киім киеді?
     5. Балаңыздың досы кім?
     6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
     7. Балаңыздың бірінші тісі қанша айында шықты?
     8. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
     9. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі?

Тілек шырағданы”

Отбасы,ұшқан жанұя-жылылықтың,

жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне үңілер болсақ,оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Ал ананың алақаны оттан да ыстық. Сондықтан оттың басы,ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік.


Ой-толғаныс

Ата-ананың жеке басының әсері балаға күн сәулесімен бірдей,мұны басқа ешбір нәрсемен ауыстыру мүмкін емес.

Құрметті ата-аналар, сіздерден баладан жүрек жылуын аямай балаға бір сәт болса да,бала көзімен қараңыз дей отырып бүгінгі тренингке қатысқандарыңызға көп-көп рахмет айтамыз!










Кеңес: 

«Баланы мектепке қалай дайындау керек»










Тақырыбы: Баланы мектепке қалай дайындау керек?

Құрметті ата-аналар! Әлеуметтік-психологиялық қызметтің сапалы жұмысы үшін бізге сіздің балаңыздың өмірі мен дамуының кейбір ерекшеліктерінің білуіміз қажет. Бұл біздің мамандарға, әсіресе, мұғалімдер мен психологтарға баланың ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытудың әдістерін пайдалануға және педагогтарға қажетті нұсқаулар беруге көмектеседі. Сондықтан балаңыз жайлы сауалнаманы толық, түсінікті толтыруыңызды өтінеміз. 1 сыныпқа баратын балалардың ата-аналарына, отбасы мен бала туралы жалпы мәліметтер, баланың отбасында тәрбиеленуінің ерекшеліктері, оның икемділігі мен қызығушылығы, баланың дағдысы мен ептілігінің даму деңгейі, ынтымақтастыққа қадам туралы мәлімет берулері керек. Жалпы, «Баланың бас ұстазы – ата-анасы» екенін ешқашан естен шығармау керек. Ата-ана өз баласын қалай мектепке дайындау керектігі жөнінде мынадай мағлұматтар білуі керек.

1.     Балалардың қабілеті туралы не айтасыз? (6 жасар мен 7 жасардың айырмашылығы неде?)

2.     Жанұядағы бос уақытты қалай пайдаланасыздар?

3.     Баланың  жақсы адам боп өсуіне не кедергі?

4.     Балаларда өзімшілдік мінездің қалыптасуы неліктен?

5.     Баланы неше жастан еңбек етуге үйрету керек?

6.     Балаға жақсы оқу үшін қалай көмектесеміз?

7.     Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі күшті ме, жоқ әлде мектептің жауапкершілігі күшті ме? 8.     Балаңыздың досы кім, сіз оған қалай бағыт бересіз?

9.     Баланың өмір жолындағы ананың және әкенің орны?

10.     Бала тәрбиесіндегі сіздің қателіктеріңіз?

Міне, осындай мағлұматтарды жетік білсеңіз, балаңыздың мектепке деген көз-қарасы жоғары деңгейде болады.

1- сыныпқа қабылданатын оқушылар мынадай ерекшеліктерді білуі керек:

1.     Алфавит бойынша барлық әріптерді тану, білу, бір бірінен ажырата алу.

2.     Буындап қосып оқи алу.

3.     Әріптердің баспа түрін жаза білу.

4.     1-ден 10-ға дейін тура және кері санай білу.

5.     Өз аты-жөнін, мекен-жайын, туған күнін толық білу керек.

6.     Адамның суретін салу, әр мүшесін атап беру (бас, аяқ, қол, көз, т.б.)

7.     Жыл мезгілдерін білу керек.

8.     Қазақша ай аттарын, апта күндерін білу керек.

9.     Геометриялық пішіндерді атау, суретін салуды білуі керек.

10.   Сурет бойынша әңгімелей білу.

11.   Үй жануарларының  аттарын білу.

12.    Құстардың аттарын білуі керек.

13.   Балалар өз ойын толық жеткізе білу.

Әрбір баланың жеке дамуына жағдай жасау және оның оқуда, қарым-қатынаста өзіндік тәжірибесінің қалыптасып, шығармашылық және әлеуметтік белсендігінің дамуына ықпал ету керек. Баланы дұрыс тәрбиелеуді, жақсы әдет, дағды қалыптастыруды ерте бастан ескерген жөн. Ата-ана баланың өсу жолына, тіл мәдиетіне тыңғылықты әзірленуіне тиісті жағдай жасау ата-ананың тікелей міндетті. Қандай тәрбие болсын, үйден, отбасынан басталады. Баланы еңбекке баулу ата-ана борышы. Баланы мектепке, яғни 1 сыныпқа дұрыс дайындау керек, балаға немқұрайлы қарап, ертең оның өміріне қиыншылықтар туғызбау керектігін ата-аналар ешқашан естерінен шығармау қажет. Бала тәрбиесінің ана құрсағынан, отбас-ошақ қасынан басталатынын ұмытпайық. Бүгін ел болып қолға алмасақ, онда келешек ұрпақ алдындағы парызымызды ұмытқанымыз.