Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Өткізілген іс-шаралар

Автор: admin от 31-08-2016, 23:27, посмотрело: 261

0

Өткізілген іс-шаралар

 

Өткізілген іс-шаралар

 

Өткізілген іс-шаралар

 

Өткізілген іс-шаралар

 

Категория: Мероприятия и праздники

 

Айналайын анашым

Автор: admin от 29-07-2016, 05:10, посмотрело: 1102

1 Айналайын Анашым!
1- бала:Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашамыз.
Құтты болсын ардақты ана,
Асыл анам мерекең
Құтты болсын теңдік алған,
Қуанышты берекең!
2- бала:Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай үн қаттың.
Өміріме нәр бердің ғой ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың,
Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейіріммен нұр шашар.
АлдарыңЖүздеріңнен мейіріммен нұр шашар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз болған шақты баламыз!
Тентек бала музыкасымен балалар жұбымен залға кіреді де шахмат ретпен тұрады.
Жүргізуші: Аяулы аналар, әжелер, әпкелер.Әлемдегі ең баға жетпес пәк жандар тек сіздерсіздер!8-наурыз мерекелеріңіз кетпесін, көктемнің күніндей жадырап жүре беріңдер. Бүгінгі құттықтаулар тек сіздер үшін!
Хормен:Қош келдіңіз!
Бүгін бізге бәріңіз:Қош келдіңіз!
Көңіл күйді бөліңіз:Қош келдіңіз!
Хормен:Шыққан күндей жарқырап,бақытты сәтте бізбен бірге болыңыз!
1. бала:Қуаныңыз бүгін бізге бәріңіз,
Қуаныңыз көңіл-күйге сеніңіз.
Қуаныңыз шыққан күндей жарқырап,
Қуанышта бізбен бірге болыңыз!
2. бала:Ананың түссе қабағы,
Шаттанып мен күлмеймін.
Өйткені мен анамнан,
Жақын жанды білмеймін!
3. бала:Сеніміңді ақтайды,
Еркелеткен балашың.
Аман жүріп әрқашан,
Мұңаймашы анашым.
Мерекеңмен өзіңді,
Құттықтайды балаңыз.
Арнап айтңан әнімді,
Қабыл алшы Анашым!
4. бала:Теңдесі жоқ данасың,
Арқа тұтар панасың.
Еңбегіңді ақтаймын,
Аман болшы Анашым.
Жүре берсін қасымда,
Ботам деген даусыңнан,
Мен мәз болып оянам!
5-бала:Жанымызды жайнатқан,
Сіздерсізғой аналар.
Зор денсаулық, мол бақыт,
Тілейміз біз балалар.
Қадірлі біздің қонақтар,
Жиналдық мұнда тек
Хормен:Аналар құрметі үшін!
Ән «Апатайым анашым»
1. Кіршіксіз жүрегіндей жас баланың,
Апатай өзің менің асқан әнім.
Өсірдің, әлдиледің, аяладың,
Ойыңнан бір сәт мені тастамадың.
2. Ойладың дүлдіршіндей бала қамын,
Сипады маңдайымнан алақаның,
Өзіңді екі етпей қадірлейді,
Қарайды қабағыңа балапның.
3. Апамның әрбір сөзі ой талабы,
Жүректің тереңінде сақталады.
Өсеміз екі етпей қадірлейді,
Ардақты әже еңбегі аяқталады!
Жүггізуші: «Ана» жер бетіндегі адамдардың бәріне ортақ сөз. «Ана» сөзі барлық тілде аяулы, ананың қолы аялы да жұмсақ, жүрегі сезімтал, алайда, әр ананың өз анасы бар. Оларды біз кім дейміз?
Балалар:Әже!
-Ендеше әжелер деген жылы лебізімізді айтайық.
6-бала:Әжемді мейрамымен құттықтаймын,
Айтатын ән, беретін гүлім дайын,
«Әжетай сені жақсы көрем» деп
Ақырын құлағына сыбырлаймын.
7-Бала:Құртпен майын жинаған,
Балаларға сыйлаған.
Бұл әжемнің өмірі,
Таусылмайтын жыр маған!
Күнде айтып береді,
Барған сайын бір жақа.
Сыйлық алып келеді,
Әжем мені үйткені,
Қатты жақсы көреді!
8-бала:Өзің мені өсірген
Айналайын ақ әжем
Тентек болсам кешірген,
Шөлдедіңбе жан әжем?
Шай қайнатып келейін,
Шекер салып жан әжем,
Өзім құйып берейін.
Балдай тәтті жан Әжем!
9-бала:Өзің мені өсірген,
Айналайын жан әжем,
Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған.
Үлкен, кіші демейді,
Сыйлайды оны бар адам!
10-бала:Әже деген көп шығар,
Әжемдей менің жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі.
Менің әжем жыр әжем,
Шуағы мол нұр әжем.
Ақ таяққа сүйеніп,
Аман-есен жүр әжем!
11-бала:Асыл әжем, мақтанышым менәіде,
Қонақ болып отыр, міне төрімде.
Өзіңе арнап балдай үніммен,
Ән салатын кезім келді меніңде!
Ән «Сағындым, әже, сағындым»
1. Сағындым әже өзіңді,
Мейірімді көзіңді.
Ертегіңді сағындым,
Құлыным деген сөзіңді.

Сағындым, әже сағындым,
Мейіріңе табындым.
Демалысқа шығамын,
Аяғында мамырдың.
Ағайын туған бауырды,
Қуат алып келейін,
Топырағынан ауылдың.
Сағындым, әже, сағындым,
Даналықтың кеңісін
Құрт майыңды сағындым
Сақтап қойған мен үшін.
Үйренеміз өнер біз,
Шетімізден шеберміз.
Анаға арнап ән шырқап,
Биде билеп береміз!

Көңілді би: «Оранживый галстук»
Жүргізуші:Балалар, алыстан әуен естілетін сияқты. Бұл кім екен?
Ару көктем кіреді
Көктем:Армысыңдар, балалар,
Тағы келдім сендерге.
Мерекелер тойлатып,
Келіп жеттім елдерге.
Наурыз айы көктеммін,
Жарқырайды көкте нұр.
Сәбилерді қуантып,
Былтыр келіп кеткенмін!
Жүргізуші:Қош келдіңіз, Ару көктем ардақты,
Жылды осылай келе бергін жасарып.
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп жан-жақты,
Ару көктем, балалардың өзіңе,
Арнаған жыр шашуларын қабыл ал!
12-бала:Көктемде көңілді құстар кеп жатқанда,
Құлпырып өңірді гүл ектік бақтарға.
Тек оны жұлмаңыз,
Той күні бір-бірден анаға сыйлаймыз!
13-бала:Көктем, көктем, көктемде,
Күн күркіреп өткенде.
Нұр жаңбырды тосамыз
Оны да әнге қосамыз!
14-бала:Кқктем, көктем, көктемде,
Құстар жетіп келгенде.
Біз қуанып қаламыз,
Әнмен қарсы аламыз!
15-бала:Міне келді көктемде,
Күн ұзара бастады.
Улап, шулап балалар,
Ағаштардың басына ,
Ұя жасап тастады!
Көктем: Рахмет сендерге, балалар, мен де сендерге құр қол келген жоқпын. Қолымдағы алөқызыл гүлдердің әр күлтесінде балалардың өнері жинаулы тұр.
Жүргізуші:Ендеше балалар алқызыл гүлдердің күлтесіндегі сиқырды ашайық.
Шырын сен алып көрші:
Бұратылып тал шыбықтай билегенде
Қимылы айналады сырлы өлеңге.
Қаратып әсем бимен елді өзіне,
Көрсетеді өнерін көрерменге!
Орыс биі
2-күлтенің сиқырын Димаш ашпақ
Ал ендеше балалар,
Ойын күлкі бастайық.
Еш бала құр қалмасын,
Қызықтан бос қалып!
3- ші күлтенің сиқырын Дамир ашпақ
Қандай бала болмайық
Анамызға дәріміз.
Көтерсінші көңілін,
Ән салайық тағы біз!
Ән «Мен қазақтың қызымын»
Жүргізуші: Аналарғой қуат беріп тірлікке,
Алдарыңда сәби болып жүрдік те.
Үйрететін ынтамаққа, бірлікке,-
Деп балалардың анасына деген жылы лебіздерін қабыл алыңыздар аяулы аналар, ардақты әжелер!
13-бала:Ана әнмен тербетеді
Күйге бөлеп жаныңды
Көңіліңді сергітеді,
Балбырытып бойыңды.
14-бала:Ана жұмақ мен шуақ саябағы,
Анам шырақ мен сұрақ санадағы.
Анам теңіз мен қайық тербетілген,
Анам бұлақ мен құрақ жағадағы!
15-бала:Сен жалықпай жетелеп,
Мен жаттыға жетермін.
Айтқаныңды екі етпей,
Ақ сүтіңді өтемін.
Біліп тұрсың жан анам,
Міндетін үлкен ботаңның.
Күтері сол баладан,
Ана мен отанның!
16-бала:Сеннен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті аналар.
Үн қатасың бал тілмен,
Еркелетші әр күнмен.
Құттықтаймын анашым,
8-Наурызбен!
17-бала:Айналасына ас қойып,
Өзенді көлдей шалқытып.
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кгізбей.
Ақ анашым аппағым,
Өзің жайлы тақпағым.
Өзің жайлы әнімді,
Арнадым саған бәрінде!
Жүргізуші:Ана,ана,ана-деген мейірлі, не дегеншапағатты сөз.
Ана деген-бәйтерегі өмірдің,
Ана деген-қуанышы көңілдің.
Ана деген- ол біздің елде ардақты адам,
Кіші де, үлкен де, оны ардақтаған!
Көрініс: «Үш ана»
Ортаға стол және үш орындық қояды.Бір орындықтың шетін ала стол астында қуыршақ жатыр.Әйгерім-қыздың киімін киген қыз. Анасы:Қызметкер ана көрінісімен киінген қыз.
Әжесі:Кемпір кімін киген қыз.
Жүргізуші:Ойыннан келген Әйгерім,
Қуыршағын іздеді.
Столдың астынан таптыда,
Хал сұрауды көздеді.
Әйгерім:Қызым, менің қалайсың,
Томсырайып қарайсың.
Қарның ашып отырмай,
Тамақ ішсең жарайсың.
Егер тамақ ішпесең,
Қу сүйек боп қаласың.
Отыр қане қасыма,
Тамақтанып аласың!
(Алдына алып отырады.)
Жүргізуші:Әйгерімнің осы сәт,
Анасы уйге кіреді.
Тағат таппай қызының,
Қалын сұрап біледі.
Анасы:Әйгеім жан, бүгін сен,
Тамақ ішіп көрдің бе?
Қызықтап әлде ойынды,
Кешке дейін жүрдің бе?
Күнде саған ұмытпай,
Тамағыңды іштеймін.
Тіл алмайсың қырсығып,
Осы сені не істеймін!
Жүргізуші:Анасының артынан,
Аптығып әжесі кіреді.
Ол-да дағы өз қызының,
Қалын сұрап біледі.
Әжесі:Айналайын, алтыным,
Шаршадың ба жарқыным.
Ішпедің де тамақ та,
Жайын ойлап жалпының.
Қарашығым, қарағым,
Сөткемен тұрып жұмыста,
Болмай қалды тамағың.
(отырады)
Жүргізуші:Аналардың елжіреген,
Ет бауыры барады.
Әрқайсысы сұқтанып,
Өз қызына қарады!
Бәрі-үш ана:Қандай қиын, қараңдаршы,
Қырсық мінез бала болу.
Бәрінен де оңай емес,
Білсеңіздер ана болу!
Ағылшын апайға сөз беру.
Жүргізуші: күлтені алып, қуыршақты көреді.
Қуыршақ кіреді де көңілсіз тұрады.
-Қуыршақ саған не бролды?
-Қуыршақ жылайды.
-Неге жылайсың, сені кім ренжітті?
-Мен дүкенде тұрып сендерді күте-күте шаршадым.
-Менің құрбыларым көңілсіз.Сендер мына
қуыршақтардың көңілін көтере аласыңдарма?
-Әрине қыздарымыз қуыршақтармен ән салып
көңілдерін көтереді.
Ән «Қуыршағым менің»
Бала кезім бала шағым,
Ойынға бір тоймаған.
Көбелекпен жарысып,
Қуыршақпен ойнаған
Қуыршағым менің,
Жетелер арманға.
Шығасынба сен бірге,
Шақырған шыңдарға.
Қуыршағым менің,
Қарама ертеңге.
Бала кез бал дәурен,
Сақталып есіңе.
Бала кезім, балғын шағым,
Шығасың ба сапарға.
Мұңайып мен жүремін
Қосылсын деп қатарға.
Қуыршақ:Рахмет сендерге қыздар!Аналарды өз дүкеніме шақырамын.Дүкенімде 50%-дың жеңілдіктер жүріп жатыр, қыздарыңызға сыйлық алуға асығыңыздар.(шығып етеді)
Жүргізуші:Мына, бір күртені көрейік.Ересектер тобының қыздарбыраы , аналарына арнап «Домбыра» биін билеп береді.
«Домбыра» биі.
Жүргізуші:
Құтты болсын осы шаттық күлкіңіз,
Бақытты да, ұзақ өмір сүріңіз.
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз!
Теңдесі жоқ данасың,
Арқа тұтар панасың.
Еңбегіңді ақтаймын,
Аман болшы анашым!
21-бала: Адам барма ана сүтін таптаған,
Алуан-алуан ауыр сынды аттаған.
Адамдықты,ар-намысты сақтаған.
Мен анамның санасына мақтанам!
22-бала:Алтын анам,жасымнан аялаған,
Мен үшін игілікті аямаған.
Бақшадан үйге келгенде,
Бал сөзі «жаным» сая маған!
23-бала:Ақ анам-аппақ анам,
Өзіңсін бақ та маған.
Шығамын ақ сүтіңді,
Қалайда ақтап анам.
Ақылшым анашым,
Мен үшін данасың.
Үлгі боп ояттың,
Қызыңның санасын!
Жүргізуші:Жігіттердің биші аяғы,
Той дегенде тұра алмас.
Тойларыңда билеп берсе,
Қандай ана қуанбаған!
Жігіттер биі.
25-бала:Армысың әжелерім аналарым,
Мейірбан аппақ көңіл даналарым.
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,
Құттықтайды сендерді балаларың!
26-бала:Тыным таппай күнімен,
Ұйқы көрмей түнімен.
Бар тірлігін бітіріп,
Бірге ойнайды менімен.
Қамқоршы боп жүреді.
Маңдайымнан сүйеді,
Суға түсіп отқа да,
Бір мен үшін күйеді!
27-бала:Алтын анам,жасымнан аямаған,
Бал Анам,Асыл Анам, Таңым Анамді,
Мен сенмен қуат алам, жалында анам.
Күн болып көңілімді күйге бөлеп,
Арнадың өміріңнің бәрін маған!
28-бала:Анамның түссе қабағы,
Шаттанып мен күлмеймін.
Өйткені мен анамнан,
Жаұын жанды көрмеймін!
29-бала:Бүгін Наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз адамның,
Анаға айтар лебізі!
Жүргізуші:Сізге арналады бүгінгі әнім,
Ардақтайтын, мақтанатын кезіміз,
Тәрбиелі ұ-қыздарды өсірген,
Ұлы-ана, ұзақ өмір сүріңіз!
Ән «Айналайын ақ мамам»
1. Бізді өсіріп баптаған,
Жақсы болсақ шаттанған.
Алтыным деп мақтаған,
Айналайын ақ мамам!
Айналайын,Айналайын,
Айналайын ақ мамам.
2. Түнде сергіп жатпаған,
Күндіз тыным таппаған.
Бізсіз тамақ таппаған,
Айналайын ақ мамам!
Айналайын,Айналайын,
Айналайын ақ мамам!
3. Әр сөзіңді жаттаған,
Жүрегінде сақтаған.
Анашым деп мақтаған,
Айналайын ақ мамам!
Айналайын,Айналайын,
Айналайын ақ мамам!
Жүргізуші:Құтты болсын осы шаттық күніңіз,
Бақытты да,ұзақ өмір сүріңіз.
Қуанышты жүздеріңізбен әрдайым,
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз!-
деп отырып бүгінгі»Айналайын ақ мамам ертеңгілігімізді аяөтаймыз.
Ардақты аналар,мейрамдарыңыз құтты болсын!

Категория: Мероприятия и праздники